Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Web дизайнерге арналған білім беру гранты

4 Тамыз 2014 | Көрсетiлiм: 1478
Web дизайнерге арналған білім беру гранты Cізде өнерге деген ықпалыңыз көп болса, IT технологиясында түсінігіңіз мол болса және осы салада маңсабқа жеткіңіз келсе?

Онда сіз міндетті түрде «Сәби» Қайырымдылық Қорының «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасының аясында ұйымдастырып отырған «Сәбидің WEB дизайнері» байқауына қатысып, сонымен қатар білім беру грантына иегері атануы үшін күресуіңіз қажет.

Байқаудың шарттары:
«Сәби» Қорына сайтының жаңа дизайнын дайындау, оған қоса saby.kz сайтындағы барлық контенттің сақтап қалу, соның ішінде мұрағат материалдар бар.

Басты жүлде:
Жеңімпаз Қазақстанның өзі қалаған ЖОО-да оқуға білім беру грантына ие болады немесе шетел грантына*.



Жаңалықтар » Жас математиктердің құлақтарына!

31 Шілде 2014 | Көрсетiлiм: 1472
Жас математиктердің құлақтарына! «Сәби» Қайырымдылық қоры жас дарындары қолдау «?лем» Бағдарламасының аясында алғыр математиктерді тегін оқыту тобына қабылдау жариялайды. Орта мектептің 7 және 8 сынып оқушылары шақырылады. Сабақ 5 оқу жылы бойы аптасына 2 рет жүргізіледі.

Қатысушыларды іріктеу байқау негізінде жүргізіледі. Математика саласындағы жетістіктеріңізді (үлгерім тізімдемесі, мақтау қағазы, сертификаттар және т.б) баяндап өтінімдеріңізді saby@saby.kz электронды мекенжайына жіберуді сұраймыз.



Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » Басенов атындағы көше

23 Шілде 2014 | Көрсетiлiм: 1833
Басенов атындағы көше Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы атымен Тимирязев көшесінен оңтүстікке қарай және Жароков көшесінен батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.


Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976)


Тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы. Республикада бірінші сәулеттік факультетін ұйымдастырушысы.

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Ленинград азаматтық-инженерлер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған.



Жаңалықтар, Ұлылардың дана сөздері » Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері

2 Шілде 2014 | Көрсетiлiм: 1584
Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері ХХ ғасырда тәрбиелеуден тек қана төрт педагог төңкеріс жасай алды деп есептелінеді. Олар, американдық Джон Дьюи, неміс Георг Кершенштейнер, италиялық Мария Монтессори және кеңестік педагог Антон Макаренко.

Мария Монтессори ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған еске салу өсиеттерін қысқаша тұжырымдады. Олардың қарапайым болғанымен, әр біреуіне мұқият көңіл бөлсеңіз екі сөзбен айтылған көптомды дана сөздер. Осы тізімді жылына бер рет болсада оқып шығуға кеңес береміз, сол кезде баламен деген қарым-қатынас жаңа деңгейге шыға алады, ал бала болса едәуір дамып үйлесімді тұлға болып өседі.



Жаңалықтар » Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанады

19 Маусым 2014 | Көрсетiлiм: 1379
Тағыда бір «әлемдік» Америкаға аттанады Екі ай бұрын бізге дарынды жастарды қолдау «?лем» Бағдарламасының грантына үміткерлердің бірі Ахажанов Аблайханнан бір қызықты түйіндеме келді. Дүниені жақсартуға ұмтылған және де алдына қойған мақсатына қайтсе де жетуге тырысатын менмендігі жоғары, дарынды жас жігіт.

Аблайхан өзінің білім жолын физико-математикалық мектебінен бастады. Мектепті беске бітіріп Алматының Энергетикалық институтының «Радиотехника, электроника и телекоммуникации» мамандығына түсті. Қатарлас Мәскеудің Энергетикалық институтында екінші жоғарғы білім алды. Оған қоса физика мен математикадан көптеген қалалық және республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарға ие болды.

Аблайхан өз болашағын нанотехнология саласындағы ғылыми жұмыстарға арнауды шешті. Бастаушы инженерге Алматыда жарайтын зертхананы табуға және «графен» атты наноматериалды зерттеу үшін экспертименттік зерттеулер жүргізуге рұқсат алуға сәті түсті. Өзінің сүйікті ісімен жоғарғы деңгейде айналысу үшін жас жігіт оқуын Лос-Анджелес қаласындағы UCLA Калифорния Университетінде жалғастыруға армандауда.