kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар, «Әлемдіктер» күнделігі » Айкөркем Бағытова, 18 жас
Айкөркем Бағытова, 18 жас3 Сәуір 2013. |
![]() Қордың жұмыскерлері менің бұл грантқа өткенімді хабарлағанында қуанышым қойныма сыймады. Сол кезден бастап өмірім өзгергендей болды. Менің қуанышыма ортақтасып қуанғандар да болды,бірақ қоштамағандары да аз болған жоқ. Содан «Сәби» Қорының арқасында өзім армандаған қаламда,өзім қалаған мамандығыма оқуға түстім. Қазірде Ел ордасы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 1-курста оқып жатырмын. ?р түрлі іс-шараларға қатысып тұрамын. Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен болған 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген танымдық-шығармашылық іс-шараға қатысып, университет қабырғасындағы алғашқы «Мадақтама» мақтау қағазымен марапатталдым. Елбасымыздың қолдауымен болған Жас Отан «Жастар Қанатының» ІІ съезіне қатыстым, өте жақсы әсер алдым. Соны ескере отырып, біздің ректорымыз, Ақылбек Қажығұлұлы, университетімізден «Жас Отан» филиалын ашып берді. Міне, мен соның мүшелігіне өтіп, өз факультетімнің төрайымы болып сайландым. Жақын арада ата-ананың жылуына зәру кішкентай бүлдіршіндерді қуантқалы балалар үйінде шағын сазды бағдарламамен бармақшымыз. Сонымен қатар,факультетімнің «Жастар ісі жөніндегі комитеттің» мүшесімін. Менің жеңістерім мен жетістіктерім әлі алда деп ойлаймын. Ал,бұл грант болмағанда көптеген жетістіктерге жетер ме едім?! Қиындықта қол ұшын созар осындай асыл жандар барына қуанамын. ?сел Тасмағамбетова бастаған «Сәби» Қорының ұжымына алғысым шексіз! Келешекте «?лемдіктер» саны көбейіп, қазақтың туын көкке көтеретін, сіздердің үміттеріңізді ақтайтын білімді, ақылды, талантты жастар саны арта берсін! Ізгі ниетпен, Айкөркем Бағытова, 18 жас, Атырау облысы, Махамбет ауданынан Алдыңғы бет |