kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар, Ұлылардың дана сөздері » Махатма Ганди. Даналық пен философия

Махатма Ганди. Даналық пен философия


17 Шілде 2013.
Махатма Ганди. Даналық пен философия Махатма Ганди (1869-1948) — Үндістан Ұлттық-азаттық қозғалысының идеологы әрі жетекшілерінің бірі. Оның Сатьяграха зорлыққа қарсы философиясы ұлтық және халықаралық бейбітшіл өзгерістер жақтаушыларына ықпалын тигізді. Ол зорлықтың қандай түрі болмасын қабылдамады. 30 жылдан аса өз философиясын тапжылмай уағыздады, соңында бүкіл әлемге зорлыққа қарсы саясатының тиімді екенін дәлелдеп, 1947 жылы Гандидің жігерінің арқасында Үндістан бейбітшіл жолымен Ұлыбританиядан тәуелсіздігін алды.

Жаңа оянған елде діни топтастарының арасында елді аузына қарату хұқығына күшті күрес бұрқ етті.

1947 жыл Гандиге қатты түңілумен өтті. Зорлықтың мәнсіз екенің дәлелдеуін тоқтатпады, бірақта оны ешкім естігісі келмеді. 1948 жылдың қаңтарында ұлтаралық итіс-тартысты тоқтату жан-киғыш әрекеті Махатма Гандиді аштықты жариялауға мәжбүр етті. Ол өз шешімін былай деп түсіндірді: «Өлім маған керемет құтылыс болады. Үндістанның өзін өзі құртып жатқанын көрген бишара куәгері болғанша өлгенім артық».

Оның аты Үндістанда әулилердің аттары секілді сый құметіне бөленеді. Ұлттың рухани жетекшісі, Махатма Гандидің өмірі зорлыққа қарсы, елін түршіктіретін діни тартыстарға қарсы күресумен өтті, бірақ өмірінің соңғы жылдарында тартыстардың құрбаны болды. Махатма Ұлы жанды білдіреді. Бұл лауазым Гандидің болмысын бұдан жақсы болмас ашады. Ол қандай каста немесе дін тұтымы болмасын үнділердің үлкен сеніміне ие болды, одан көмек пен кеңес сұрауға мындаған адам келді және де сұраған көмегін алды.

Альберт Эйнштейн:
«Гандидің ойшыл адамдарға тигізген ағлақтық ықпалы біздің заманда артығымен болуы мүмкін дөрекілі күштен әлдеқайда күшті болып келеді. Тағдырымыздың болашақ ұрпағымызға дұрыс жолды көрсетіп, бізге сондай жарқын замандасымызды сыйлағанына ризашылығымызды білдіреміз. Мүмкін болашақ ұрпағымыз осындай қарапайым адамның күнәхар жерімізді басып жүргеніне сенбейтін шығар».
(http://www.gandhi.ru/)


Махатма Ганди

«Басында олар сізді елемейді. Сосын сізді күлкі қылады. Сосын сізбен соғысады. Соңында сіз жеңіске жетесіз».

«Қайратсыздар ешқашан кешірмейді. Кешірім қайрат адамның белгісі».

«Бақыт деген сенің ойың, сенің сөзің және де сенің іс әрекетің бәрі үйлесімді болуы».

«Толық сеніммен айтылған «Жоқ» тек қана біреуге ұнау үшін немесе одна әрі кетсе жағымсыздықтан құтылу үшін айтылған «?ә» деген сөзінен жақсы».

«Намысқа келсек бұл жерде көбінесе заңның күші жоқ».

«Адам өз ойының өнімі: не ойласа сол болып шығады».

«Егер әлемнің өзгергенін қаласаң сол өзгеріс боп өзің бол».

«Мұраттың құндылығы соған жақындай бергенде оның алыстауында. Мұратыңа жеткенде, алға қарай дамуың бәсеңдеп кейін қарай қозғаласың».

«Жалғандықты қаншалықты таратса да, ол ақиқатқа айналмайды, ал ақиқатты ешкім көрмесе де, ол жалған болып шықпайды».

«Бір тәжірибе мың ағуадан қымбат»

Алдыңғы бет