kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар, «Әлемдіктер» күнделігі » ?ділбекова Назерке, 19 жаста

?ділбекова Назерке, 19 жаста


24 Желтоқсан 2013.
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген жақсы нақыл сөз бар. Бұл нақыл сөзді мен бекер қолданып отырған жоқпын. Былтырғы жылы «?лем» бағдарламасының жарнамасын көріп, өзім туралы мәліметтерді жіберген едім. Наурыз айының 4 – де аналар мейрамы қарсаңында Қордың оқу грантын жеңіп алдым. Сауалнаманы толтырып, байқауға қатысқаныммен, екі ойлы болып жүрдім, әділет бар дейсің ба деп... Бірақ, мен қателесіппін. Атына заты сай «Сәби» қоры таланттыларды тани біледі екен! Осындай қиын кездерімде шын көңілмен көмек көрсетіп, қолдап жіберді. Көптеген қатысушылардың арасынан мені таңдап алғанына мың да бір рахмет!

Биылғы оқу жылынан бастап аталған Қор менің жоғарғы оқудағы оқу ақымды төлеуде. Мені қанаттандырған, шабытыма арқау болған «Сәби» қорына алғысымды білдіремін. Алда шығар биігім, алдыма қойған мақсаттарым көп. Оған жолды сіздер, яғни «Сәбиліктер» ашып бердіңіздер.

Адилбекова Назерке
Жетісу мемлекеттік университетінің ІІІ курс студенті.
Талдығорған қаласы.


Алдыңғы бет