kaz.alemsaby.kz » Үміткерлерге » Сауалдар мен жауаптар

Сауалдар мен жауаптар


2 Қараша 2010.
Құрметті достар, Сіздің "?лем" бағдарламасы бойынша кез келген сауалдарыңызды қоюыңызға болады. Біз телефон және ?нтернет желісі арқылы жауап беруге әрдайым дайынбыз.

"?лем" бағдарламасының өкілдерімен ?нтернет желісі арқылы қалай жедел байланысуға болады?

"?лем" бағдарламасының өкілдері – бұл "Сәби" Қайырымдылық Қорының қызметкерлері. Қазіргі кезде Сіздің мыналарды қолдануыңызға болады:
- электронды пошта: saby@saby.kz
- Twitter: http://twitter.com/AlemsabyKZ
- Skype: AlemsabyKZ
- Mail.ru-Агент: alemsaby@mail.ru

Менің өз дыбыстық не бейне жазбаларымды "?лем" Бағдарламасының сарапшыларына қалай көрсетуіме болады?
Менің өз көркемдік еңбектерімді (мүсіндерді) "?лем" Бағдарламасының сарапшыларына қалай көрсетуіме болады?
Менің өз фотоеңбектерімді "?лем" Бағдарламасының сарапшыларына қалай көрсетуіме болады?
Менің Сіздерге өз грамоталарымды қалай көрсетуіме болады?


Аса кең таралған әдістердің бірі – қолыңыздағы дыбыстық/бейне жазбаларды, фотоеңбектерді, мәсіндердің фотосуреттерін, грамоталардың және өзге құжаттардың сканерленген көшірмелерін Өзіңізге ыңғайлы болатын кез келген сайтқа – бейнепорталға не файл алмастырушыға жазып алу. Бұл жағдайда alemsaby.kz сайтында тіркелген кезде, Сізге Түйіндемені толтыру ережелеріне сәйкес өзіңіздің дыбыстық не бейнежазбаларыңыз сақталған гиперсілтемелерді көрсету ғана қалады.

Баға беру үшін қанша ән не картинамды жіберсем болады?

Баға беру үшін 3-уі жеткілікті. Егер сарапшылар комиссиясы кандидаттардың қосымша еңбектерін көру қажет деп санайтын болса, біз Сізбен байланысып және осы жайлы хабарлайтын боламыз.

Іріктеу комиссиясы «Сәби» Қайырымдылық Қорының «?лем» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болуға үміткерлерді қалай таңдайды?

www.alemsaby.kz сайтында тіркелу кезінде қалдырылған үміткерлер туралы алдын-ала ақпарат іріктеу комиссиясына беріледі.
Егер іріктеу комиссиясы алынған материалды қызықты деп тапқан болса, "?лем" Бағдарламасының қызметкерлері үміткерлерді сарапшылармен көзбе-көз түрде кездесуге шақыртады.
Өзінде үміткер өзін сарапшыларға көзбе-көз түрде көрсететін кездесудің нәтижелері бойынша хаттама әзірленеді, соның негізінде нағыз таланттар "Сәби" Қайырымдылық Қорының қолдауына ие бола алады.

Қазақстанның жастары «?лем» Бағдарламасы жайлы қай жерден біле алады?
«?лем» Бағадарламасы жайлы еліміздің барлық алшақ аудандарында біліп жүруі біз үшін өте маңызды болды. Бұл үшін біз хабарландырудың әр түрлі әдістерін қолдандық. Қордың жұмыскерлері 17 елді мекендерге аттанып үгіттеу жұмыстарын жүргізді. Қазақстанның барлық аудандық білім бөлімдеріне және көптеген мектептерге ақпараттық хаттар жіберілді. «Мұғалім.kz» журналында жарнамалық хабарландырулар үнемі басылып шығуда. Хабар және Қазақстан телеарналарында әлеуметтік ролик жіберілді.

Сұранымдарды қабылдау мерзімі шектеулі ма?
Мерзімі шектеусіз.

Қандай категориялар бойынша Гранттар бөлінеді?
Барлық категориялар мен номинациялар бойынша толық ақпаратты осы жерден таба аласыздар.

Берілетін Гранттың шектеулі сомасы бар ма?
Барлығы жеке түрде шешіледі. ?рине, ең бастысы қолданылатын мақсаты мен бюджеттің негізділігі ескерілетін болады. Сонда да, Қор барлық сұранымдарды қарастыруға дайын.

Үміткерлерді сұрыптау барысында қандай критерийлерге сүйенесіздер?
«?лем» Бағдарламасы бойынша Грантқа иеленуге жол беретін ең басты критерийлер болып: бірегей дарын, потенциал, талант, жетістіктер және мектептегі немесе басқа да оқу орындардардағы үлгерімі қарастырылады. Міндетті түрде үміткерлердің әлеуметтік деңгейі ескеріледі.

Қандай сұранымдар қабылдауға алынбайды?
Дұрыс толтырылмаған сұранымдар қабылданбайды.
Түйіндемелерді толтыру барысында кететін басты қателіктер:
Сұрақтардың барлығына жауап болмауы.
Орфографиялық және грамматикалық қателер.
Жалпы қызықтырмайтын резюме.
Тапсырмалардың жеткіліксіз орындамауы.

Қай уақыт шамасында іріктеудің қорытындысын білуге болады?
Егер де қатысушылар келесі айналымға өтетіндей жағдай болса, олар міндетті түрде электронды поштамен хабарландырылатын болады. Сондықтан барлық үміткерлер хатты жіберген кейін, e-mail-ды бір ай көлемінде үнемі тексеріп жүруіңіз керек. Егер де жауап келмеген болса, онда сіздердің сұранымдарыңыз келесі айналымға өтпеген болар.

Жеңімпаздарыңыз бар ма?
?р жыл сайын «әлемдіктердің» саны ұлғая түсуде. Қазақстанның әр түрлі аудандарында тұратын көптеген балалар бірнеше категория бойынша Гранттарға ие болды.

«?лем» Бағдарламасы бойынша сайыстар өткізіле ма?
?я. Балалар мен 24 жасқа дейін ерсектер арасында мемекеттік тілде ақындар мүшәйрасы іске асырылған. Сұранымдар жыл сайын 01 қаңтардан бастап 01 мамырға дейін қабылданады. Бас жүлде – ноутбук және оқу Грантын ұтып алу мүмкіндігі.

Іріктеу комиссиясының мүшелері жайлы білсек?
Іріктеу комиссиясының мүшелері жайлы сіздер осы бетте біле аласыздар, олардың құрамы іріктеу барысында үнемі жаңарып және ауысып отырады.

Грант алушылардың Қор алдында қандай міндеттері бар?
Біздің Қордың әлеуметтік бағытын ескере келе, Грант алушылардың Қор алдында ешқандай қаржылай жауапкершілік, кепілдеме және басқа да міндеттемелер жүктелмейді. Оқу Гранттарына ие болған студенттер, Грант алушы мен Қордың арасында қойылған келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 7 жылдан кем емес жұмыс атқаруға міндетті болады.

Егер мен жеңімпаз атанып және Оқу Грантын иеленетін болсам, онда автоматикалық түрде мен таңадаған оқу орнына тіркелгенім болып есептеле ма?
Қор оқу Гранты бере тура, тек сіздің оқу ақысын ғана төлейтін болады. Оқу орнына түсу және тіркеу бойынша жұмыстарды Қор өз міндетіне жүктемейді. Сіз өзіңіз оқуға түсу процессін қадағалап жүруіңіз тиіс. Егер оқу орнына тіркелмей қалсаңыз Гранттың күші жойылады.

Алдыңғы бет