kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар, «Әлемдіктер» күнделігі » Данагүл БЕРЕКЕТ, 18 жас

Данагүл БЕРЕКЕТ, 18 жас


22 Қаңтар 2014.
Данагүл БЕРЕКЕТ, 18 жас Көздеген мақсатына қарай батыл қадам жасай білген адамның алдынан қашан да жеңістер тосып тұратынына менің көзім жетті. Өзім армандаған жоғары оқу орнының студенті атану мен үшін үлкен жетістік болды. Талапкер атанып, ҰБТ-ға дайындалып жүргенімде «Сәби» Жеке қайырымдылық қорының «?лем» Жас дарынды қолдау бағдарламасы ұйымдастырған жас ақындар мүшәйрасына қатысып, бағымды сынап көрдім.

Нәтижесінде Білім грантын иеленіп, білімнің қарашаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінің студенті атандым. Қазақ журналистикасының майталмандары түлеп ұшқан біздің факультетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Телерадио студиялары кәсіби аппараттармен жабдықталған. Университет көлеміндегі «?л-Фараби радиосы» мен «?л-Фараби арнасы» радиохабарлары мен телебағдарламалары студенттердің шығармашылығынан туындаған жобаларды жарыққа шығарады. Бұл теориялық білімімізбен қатар практикалық тәжірибемізді толықтыруға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығында орналасқан ?л-Фараби кітапханасы, ?нтернет орталығы, тамақтандыру комбинаты, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – үнемі қарбаласта жүретін біздер үшін қолжетімді әрі уақыт жоғалтпауға қолайлы. Белсенді студенттер үшін ҚазҰУ Студенттер Сенаты ұйымы, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы жастарды өз қатарына қабылдап, қызықты шараларды ұйымдастырып, қалашық тұрғындарына позитив сыйлайды.

Дәл осындай Қазақстандағы беделді оқу орнында оқуыма мүмкіндік беріп, еліміздегі шет ауыл-аймақтарда тұратын жас дарындарға қолдау танытып, бүгінде отандас жастарға шет елдерінде білімін жалғастыруға жол ашып берген «Сәби» қорының үлесі зор. Осы қайырымдылық үшін «Сәби» ЖҚҚ-ның Президенті ?сел Тасмағамбетқызына алғысымды білдіремін.

Болашақ жас ?лемдіктерге қол жеткізе алатыныңа сенсең, бағындырмайтын асу болмайды. Қажырлы еңбек пен өзіңе деген нық сенім ғана серігің бола алады дегім келеді.

Алдыңғы бет