kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар » Жас талант «?лем» бағдарламасы бойынша консерваторияда оқитын болады

Жас талант «?лем» бағдарламасы бойынша консерваторияда оқитын болады


4 Қараша 2010.

Жас талант «?лем» бағдарламасы бойынша консерваторияда оқитын болады

Өзі жайлы біз бұрында жазып жүрген «?лем» бағдарламасының қатысушысы Жасұлан Сыдықов Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал және дирижирлеу факультетінің вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Қазақ ұлттық консерваториясының өзге ұстаздарының алдында өнер көрсетіп, олар жас әншінің дауысына жақсы баға берді.

Жасұланның арманы орындалды – 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап Қостанай қаласынан келген вокалист Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының даярлық курсына қабылданды.

«Сәби» қайырымдылық қоры оның музыкалық жоғары оқу орнында оқуы мен соның жатақханасында тұру ақысын төлеу міндетін өзіне алды.

Алдыңғы бет