kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар, Ұлылардың дана сөздері » Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері

Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері


2 Шілде 2014.
Ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған Мария Монтесорридің 19 өсиетттері ХХ ғасырда тәрбиелеуден тек қана төрт педагог төңкеріс жасай алды деп есептелінеді. Олар, американдық Джон Дьюи, неміс Георг Кершенштейнер, италиялық Мария Монтессори және кеңестік педагог Антон Макаренко.

Мария Монтессори ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған еске салу өсиеттерін қысқаша тұжырымдады. Олардың қарапайым болғанымен, әр біреуіне мұқият көңіл бөлсеңіз екі сөзбен айтылған көптомды дана сөздер. Осы тізімді жылына бер рет болсада оқып шығуға кеңес береміз, сол кезде баламен деген қарым-қатынас жаңа деңгейге шыға алады, ал бала болса едәуір дамып үйлесімді тұлға болып өседі.


1. Баланы қоршаған орта үйретеді.

2. Баланы көп сынай берсең – кінәләуді үйренеді.

3. Баланы мақтай берсең – бағалауды үйренеді.

4. Егер балаға жаулықты көрсетсең – ол төбелеске жақын болады.

5. Баламен адал болсаң – әділдікке үйренеді.

6. Егер баланы жиі мазақтаса – ол жасқаншақ болуды үйренеді.

7. Егер бала қауіпсіздік сенімімен өмір сүрсе – ол сенуді үйренеді.

8. Егер баланың абыройын төге берсе – ол өзін кінәлі боп санауды үйренеді.

9. Егер баланы жиі қоштаса – ол өзіне жылылықпен қарауды үйренеді.

10. Егер балаға жиі мейірімді болса – ол шыдамды болуды үйренеді.

11. Егер баланы жиі көтермелесе – ол өзіне сенімді болады.

12. Егер бала достастық ахуалында өмір сүріп біреуге керек екендігін сезінсе – ол осы өмірде махаббат сезімін табуды үйренеді.

13. Көзінше, өзі жоқта – бала туралы жаман айтпаңдар.

14. Нәтижесінде жаманға уақыт болмағандай назарыңызды баланың жақсы қасеттерін дамуына салыңыз.

15. Сізге сөйлеп тұрған балаға әрқашанда назар аударыңыз және жауап беріңіз.

16. Қателік жіберген және ол қателікті қазір болмаса сосын түзейтін баланы сыйлаңдар.

17. Ізденуде болып жатқан балаға көмек беруге және бәрін тапқан балаға елеусіз болуға дайын болыңыз.

18. Бұрын игерілмегенді игеруге көмектесіңіз. Осыны қоршаған ортаны қамқорлыққа, байсалдылыққа, жайшылық пен махаббатқа толтыра жасаңыз.

19. Баламен қатынасқан кезде өз бойыңыздағы ең жақсы қасиеттеріңізді көрсетуге тырысыңыздар.

Алдыңғы бет