kaz.alemsaby.kz » Анонстар » Сценарийлер байқауы 1 мамырға дейін ұзартылды

Сценарийлер байқауы 1 мамырға дейін ұзартылды


8 Сәуір 2011.
Біздің отандастырымыз үшін жақсы хабар! Тимур Бекмамбетовтің сценарийлер байқауында бауырластарымызға ерекше жеңілдіктер қарастырылды. Қазақстан атынан ұсынылған сұранымдар мерзімі 1 мамырға дейін, ал басқа мемлекеттер қатысушыларына үшін 15 сәуірге дейін ұзартылды.

Ресми серіктесі «Сәби» Қоры болып табылатын, бұл байқаудың арқасында, біздің елімізде нағыз өнерпаз адамдардың аз емес екендігіне көз жеткізе аламыз. Бүгінгі таңда, «Сәби» мамандарымен 200-ден астам сұраныстар қарастырылған! ?р хат назарсыз қалған емес.

Тағы да бір жақсы жаңалықпен қуантқалы отырмыз. Сценарий синопсистерін ағылшын тіліне аударуға мүмкіншілігі жоқ үміткерлеріміз үшін, ұйымдастырушылар атынан тегін аудармашылық қызмет көрсетіледі. Бұл жайды тек хатыңызда атап өтсеңіз болғаны.

Сценаристеріміз үшін ескерту! Сұраным жіберу алдында, сайттағы көрсетілген http://www.astanafestival.kz/index.php/ru/konkurs-proektov шарттарды мұқият оқып шығуыңыз қажет.

Сәттілік тілейміз!

Алдыңғы бет