kaz.alemsaby.kz » Анонстар » Бекмамбетов байқауының жартылай финалистері жарияланды

Бекмамбетов байқауының жартылай финалистері жарияланды


27 Мамыр 2011.
25 мамырда, Астаналық «Арсенал 3D» кинотеатрында, ресми әрiптесi «Сәби» қоры болып табылатын, Бекмамбетовтың сценарийлер Байқауының бiрiншi кезеңінiң қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясы өттi.

Iрiктеу комиссиясының мүшелерi жартылай финалға өткен сценарий синопсистері авторларын атап өтті. Ендi қатысушылар ұйымдастырушыларға өз сценарийлерінің толық болжамдарын тапсыруы қажет. 2011 жылғы 1 шілдеден 5 шілдеге дейін болатын Тимур Бекмамбетовтің «Astana» экшн-фильмдер фестивалi аясында Байқаудың финалы өтіп, ең үздік жобалар киноаудиторияға көрсетіледі. Қазақстандықтардан басқа, бұл Байқауда басқа елдерден қатысушылар тапсырыс беріп отыр, дегенмен бестiктегi бiр орын бiздiң отандасқа бұйырып отыр.

10 000 АҚШ долдар көлемінде ұтыс және Бекмамбетовтің «Базелевс» продюссерлiк серiктестiгiмен жұмыс істеуге мүмкiндік алатын бір ғана сценарист атанады. Дегенмен, Байқаудың ұйымдастырушылары финалға өтпеген сценаристерге тағы бiр берген мүмкiншiлiгі: олардың жұмыстары Астанадағы фестивалінде әлемге белгiлi режиссерлер, продюсерлер, сонымен бiрге потенциалдық демеушiлер және жебеушiлердің қатысуымен болатын презентацияда байқалуы мүмкін.

Жартылай финалисттердің тiзiмi мен баспасөз-конференциясы туралы толығырақ мәлімет фестивальдің ресми сайтында http://www.astanafestival.kz/ бiле аласыз.

Алдыңғы бет