kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар » «?лемдіктерді» іздеу жалғасуда

«?лемдіктерді» іздеу жалғасуда


20 Маусым 2011.
Шығыс-Қазақстан облысына «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасын дамытуға бағытталған іс-сапардан «Сәби» Қайырымдылық Қоры өкілінің оралуына 2 апта толмай жатып, енді міне Ақтөбе облысындағы талантты балалармен кездесуге тағы бір мүмкіншілік болды.

Бұл кездегі сапар облыстың бірнеше мектептеріндегі балалармен кездесуді көздеді, оның ішіне: Шалқар қаласындағы, Ойыл мен Қобда аудан орталықтарындағы және Ақтөбе қаласындағы оқу орындары кірді. Балалармен жүргізілген сұхбат сәтті өткізіліп, енді «әлемдіктер» санының артуы әбден мүмкін болып отыр. Мектеп басшылықтары болса «Сәби» Қорының өкілін аса тартыммен қарсы алып және бұндай алыс аумақтарға Алматыдан қонақтар жиі келмегендіктен бе, біраз қобалжып та қалды. Келіссөз жүргізу барысында өзара қызметтесу туралы ұсыныс білдірілді, ол жайлы енді Қордың басшылығы аса ұқыппен қарастыратын болады, өйткені «?лем» Бағдарламасы жас ұрпақтар үшін белсенді дамып өсуі қажет.

Егер сіз бірегей дарыннын иесі болсаңыз, онда біздің «?лем» Бағдарламамыздың қатысушысы болып, грант иегері атануға мүмкіндігіңіз бар екенін тағы да қайталаймыз, ол үшін сізге келесі мекен-жай бойынша сауалнаманы толтыруыңыз қажет: http://www.alemsaby.kz/index.php?newsid=19

Алдыңғы бет