kaz.alemsaby.kz » Анонстар » «Astana» экшн-фестивалінің қорытындылары

«Astana» экшн-фестивалінің қорытындылары


4 Шілде 2011.
«Astana» экшн-фестивалінің қорытындылары?лемге әйгілі Арманд Ассанте, Майкл Мэдсен, Стивен Сигал, Мишель Родригез және тағы басқа атақты жұлдыздар қызыл кілемінде жарқыраған, салюттері дүркіреген және бәрімізді таң қалдырған II Халықаралық "Astana" экшн-фильмдер фестивалi өз мәресіне жетіп те қалды.

Өткен жылы басталған Фестиваль, Ел Ордамыздың туған күніне орай, Астана тұрғындары мен қонақтарына өзіндік бір керемет сыйлық болды. Бұл үлкен әсер қалдыратын динамикалық және қызықты кино мерекесі.

Мерекелік күндерде АҚШ, Европа, Азия және ТМД елдерінің режиссерларымен түсірілген 20 толық метражды фильмдер көрсетілді.
Сонымен қатар халықаралық кинематографистермен бірге конференциялар, жиналыстар және мастер-класстар өткізілді.
Кинофорумдықтар назарына еліміздің атақты Асанали ?шімов, Венера Нигматуллина, ?мір Қарақұлов сынды кино мэтрлары және қоғамдық ұйымдардың өкілдіктерінің қатысуымен болған қазақстандық жобалар да ұсынылды.

Фестиваль аясында құрылған сценаристер байқауының ресми серіктесі болып табылатын «Сәби» Қайырылымдылық Қоры, аталмыш жобада ақпаратты жинақтау мен сұрыптауға, үміткерлермен коммуникативтік байланысты қамтамасыз етуге, ұйымдастыру міндеттері негізделетін жұмыс атқарып, еліміздің түпкір-түпкірінде тұратын талатты балалар мен жастардың ынтасын көтермелеу үшін құрылған өзінің авторлық «Алем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасын ұсынды.

Бұл шараның соңында сценаристер байқауының жеңімпазын салтанатты түрде жарияланды. Осы жылы Қазақстаннын атынан Бахтиёр Кадыров өзінің «Бір күннен кейін» сценарлық жұмысымен жеңіп шықты, енді ол 10 000 АҚШ долларын иеленіп қана қоймай «Базелевс» компаниясымен бірігіп көркем фильм тусіруге мүмкіндік алды.

Біз кино әлемінде жанған жаңа жұлдыздардың бізді әрі қарай шығармашылық өнерімен қуанта беретіне үміттенеміз.

Алдыңғы бет