kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар » «?лемдіктер» Астана мерекесінде
«?лемдіктер» Астана мерекесінде7 Шілде 2011. |
Үстіміздегі жылдың Астана күні таң қаларлықтай мерекелі іс-шараларға толы болды. Бұл жылы Астаналық ?кімдік барлығын мінсіз және қызықты етіп ұйымдастырылды. Қаланың тұрғындары мен қонақтары көркем шығармаларды, мәдени-көпшілік шараларды, жәрмеңкелерді тамашалап, Ел Ордамыздың туған күніне орай жасалған қызықты бағдарламалары үшін жергілікті ?кімдікке шын ризашылығын білдірді.
Астанамызды құттықтау үшін музыка әлемінің жарық жұлдыздары да келді, олардың ішінде: Лара Фабиан, опера әншісі Сара Брайтман, атақты композитор ?горь Крутой, Arash, Jay Sean және тағы басқа әйгілі музыканттар. Мерекелік күндерде, басты рөлін сомдаған Сергей Безруковтың жаңа туындысы - «Пушкин» атты киноспектаклі астаналықтардың назарына ұсынылды. Қойылым актердің әкесі Виталий Безруковтың «Өмір де, қайғы да, махаббат та» пъесасы негізінде ұсынылған. Сонымен қатар ұмытылмастай болып ұйымдастырылған 5-сағаттық атақты халықаралық және отандық әртістердің қатысумен болған гала-концерті болды. Айтылған орасан зор көрсетілімді тамашалауға мүмкіндік алған біздің «?лем» Бағдарламамыздың тұңғышы Жасулан Сыдыков пен жаңа қатысушы Тимур Алдыбергенов, «Саби» Қайырылымдық Қорының атынан ұсынылған бұл сыйлығына әбден риза болды. Жасулан мен Тимурдың сөздеріне сенсек, қуаныштары қойындарына сыймай бақытқа кенеліп эмоцияға толтырып отыр. Жас әншілер «Сәби» Қорына шын жүректен алғысын айтып, бұл алған тәлім болашақта өздерінің дарынын арттыруға бірыңғай үлесін қосатынын білдірді. Алдыңғы бет |