kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар » Жас ақындарға жол ашық!

Жас ақындарға жол ашық!


5 Сәуір 2012.
Жас ақындарға жол ашық! «Сәби» Қайрылымдылық Қоры мемлекеттік тілде ұйымдастырылған Екінші ақындар сайысының аяқталуына 1 айдан кем уақыт қалғанын естеріңізге салады. Сіздер өздеріңіздің туындарыңызды 2012 жылғы 01 мамырға дейін alem@saby.kz электронды поштаға жібере аласыздар. Жас авторлардың шығармаларын баға беруге, бас сарапшы ретінде - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Сұлтан Қалиұлы тағайындалды.

Бүгінгі күнде біз Қазақстанның батыс жағында тұратын қатысушыларымыз Қарлыға ТЕМІРҒАЛ? мен Гүлсара МАРАТТЫҢ жіберген өлеңдерінің ішінде ең үздіктерін сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.

Достар, егер де сіздер «Сәби» Қоры ұсынған жас ақындардың байқауына қатысқыларыңыз келсе, бірінші кезек алдымен Сайыстың талаптарымен танысып, ары қарай өтінішті жіберсеңіз әбден болады.

Жазыңыздар, қатысыңыздар және жеңіске жетіңіздер!


МЕНІҢ АНАМ
Қарлыға ТЕМІРҒАЛ?

Биігінде бақыт көкпен таласқан,
Өзегінде өкініш жүр адасқан.
Оның жасы – жаңа жауған ақ жауын,
Оның мұңы – күңіренген көк аспан.

Оның жүзі - әсемдіктің әлемі,
Оның сөзі - мендік дерттің бар емі.
Оның ойы - Ай бетінде әжімдер,
Оның сыры - АНА-сезім әдемі.

Жадыраса жаһан жатты жаңарып,
Жанарында мол жылулық бары анық.
Сәуле болып білінеді сұлулық
Шаштарының арасынан таралып.

Нәркес көзі көркемдіктің киесі,
Мейірі бар, бар әлемді сүйетін.
Оның таза, дархан... мұңлы... жүрегі,
Дүниедегі жақсылықтың иесі.


МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІНЕ
Гүлсара МАРАТ

Кеше ғана бөбек едің ақ сөмкесін асынған,
Зерделі едің, зеректі едің титтей ғана жасыңнан.
Алғашқы рет келгеніңде алтын ұя мектепке,
Ұстаз ан күлімсіріеп, сипаған қара шашыңнан.

Жасыл әлем жарқырады, сен мектепке келгенде,
Гүл шоқтарын қолыңа алып, ақ сөмкеңді ілгенде.
Саған қарап тау мен тас та, гүл мен көк те жымиды,
«Оқы!» деді кәрі ағаштар өздерінің тілінде.

Бір ұранмен алға бастың, алға бастың жас ұлан,
Ол ұраның «оқу» деген бір-ау ауыз сөз болған.
Сол ұранмен үміт арттың. Кемел келешегіңе,
Күттің бақыт, жеңіс, арман арайланған әр таңнан.

«Білімсіздің күні жоқ» деп арғы атамыз айтқандай,
Білім алу, оқу-тоқу күші ауыр батпандай.
Міне енді, өсіп өндің, қалықта аспан көгіне,
Зымырады қалай күндер шексіз ұзын арқандай.

Бүгін міне мектебіңмен қоштасасың, кетпексің,
Өміріңнің жаңартылған сатысына көшпексің.
Қия алмайсың достарыңды, білім алған мектепті,
Он бір жылғы ұстазыңа сен әлі де тентексің.

Өмірде көп асу бермес үлкен-үлкен өткелдер,
Шөлі де бар, бар және де, алуандаған көк белдер.
Қандай қиын, оттай ыстық шоқ туса да басыңа,
Бір айтарым: адамдықтан аттып әрі кетпеңдер.

Сендер, міне, өз жолыңа аттап аяқ тастадың.
Бетке алып, қанат қағып үлкен өмір аспаның.
Шаршамаңдар, жасқанбаңдар, биіктерге өрлеңдер.
Қалықтаңдар, озып шығып таудың биік асқарын.

Дайын менің сендерге айтар сүттей аппақ тілегім,
Лүпілдеп тұр сендерменен бірге соғып жүрегім.
Балапа ең бір кездері ұшып-қонып жүретін,
Енді, бүгін, мектебіңнен қанат қағып түледің.

Алдыңғы бет