kaz.alemsaby.kz » Жалпы ақпарат » Наградалар
Наградалар30 Қазан 2010. |
Кандидат “?лем” бағдарламасын қатысу ережелерінің” барлық шарттарын орындаған жағдайда, сондай-ақ іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар “Сәби” Қайырымдылық Қорының қолдауына ие болады, оның түрі мен мөлшері номинацияға байланысты белгіленеді және ол келесі түрде болып келуі мүмкін:
• түрлі және соның ішінде халықаралық көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын қаржыландыру; • түрлі және соның ішінде шетелдік бағдарлық оқу мекемелерінде, Жоғару оқу орындарында, магистратураларда оқуының ақысын төлеу; • тиісті номинация бойынша білікті және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, байқауларды, әңгімелесулерді ұйымдастыру; • жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну. Сонымен қатар, “Сәби” Қайырымдылық Қоры alemsaby.kz электронды мәліметтер картотекасын әзірлеуде, мұны қызығушылық танытып отырған промоутерлер, продюсерлер, HR-менеджерлер мен жұмыс берушілер тиісті өнер, ғылым, спорт, бизнес саласында жұмыс істеу үшін дарынды жастарды іріктеу мақсатында қарауына болады. "?лем" дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы филантроптардың ерікті жарналарының, сондай-ақ “Сәби” Қорының достары мен серіктестерінің риясыз қолдауының есебінен қаржыландырылып және қызмет етеді. Алдыңғы бет |