kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар » Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды
Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды18 Қазан 2012. |
Жылдан жылға «Сәби» қорының қызмет саласы кеңейіп келеді, халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында жасап шығарылған жобалар ауқымдырақ бола бастады. Бірақ жоспарларымыз зор болғанмен, оларды тек немқұрайлы емес адамдардың қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.
Біз, еңбегімізді жоғары бағалап, өзге ұйымдар арасынан «Сәби» қорын таңдаған және қаражаттарын аямай қол ұшын ұсынып сенім білдірген, барлық филантроптар, компаниялар мен жеке тұлғаларға шын жүректен ризалық білдіреміз! Айналадағы өмірдің ырғағына және күнделікті жұмыс кертартпалығына қарамастан, сіздердің жүректеріңіз мейірімділік пен қамқорлыққа толы, сіз шынымен мұқтаждарға өзіңіздің бір бөлшегіңізді сыйлайсыз. Қазіргі дүниедегі уақыт тапшылығы – үлкен проблема. Кей жағдайда ол мезеттік қызметтер мен сервистердің ұсынылуымен толымдалады. Енді қайырымдылық салымы да, ұялы байланысқа жүзеге асырылатын төлем сияқты жеңіл және мезеттік болмақ. Кез келген сауда үйінде, дүкендерде, жанармай құю станцияларында және аялдама кешендерінде «QIWI» төлем терминалдарын таба аласыз, ондағы «Қайырымдылық» интерфейсі арқылы біздің сары тұмарды басып, «Сәби» қорының есепшотына қаражат енгізе аласыз. Неге бізді таңдау керек? «С?Б?» Қайырымдылық қоры мөлдірлік пен ашықтық қағидаты бойынша әрекет етеді. 10 жылдан астам атқарған қызмет барысында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі қатты науқас 231 000 бала және ересектерге, мүмкіндіктері шектеулі 40 000 адамға, 7 000 жетім балаларға қолдау көрсетілді. Сіз жылына 28 000 адам, күніне 80 адамға көмек көрсетесіз! ?рбір теңгенің маңызы бар! Алдыңғы бет |