Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы

12 Маусым 2014 | Көрсетiлiм: 1509
Төртінші ақындар мүшәйрасының қорытындысы Достар!

«Сәби» Қорымен жыл сайын жарияланатын мемлекеттік тілдегі төртінші ақындар мүшәйрасы аяқталды. Бұл сайыс бүкіл Қазақстан бойынша жас авторлардың шығармашылық қабілеттіліктерін аша, дәстүр бойынша қаңтар мен мамыр айларының арасында өткізіледі.

Осы жылы әдебиет саласындағы бас сарапшы болып танымал балалар ақыны, аудармашы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Балдырған» журналы бас редакторының орынбасары Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы тағайындалды. Жас сөз шеберлердің жұмыстарын бағалады: «Қазіргі жастарымызда ауыспалы мәннің дамығанын, логикалық жүйелілігіндегі сөздердің егжей-тегжейдігі және күйзелісін көру, сонымен қатар оқырманмен диалогтың дұрыс қойылғанын байқау маған қуанышты болып отыр».



Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » C. Луганский атындағы көше

6 Маусым 2014 | Көрсетiлiм: 1453
C. Луганский атындағы көше Сергей Данилович Луганскийдің атымен Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.

Сергей Данилович Луганский (1918—1977)

270-ші жойғыш авиация полкісінің эскадриль командирі (203-ші жойғыш авиация дивизиясы, 1-ші шабуылшы авиация корпусы, 5-ші әуе армиясы, Дала майданы), Кеңес Одағының екі мәрте Батыры.

Сергей Луганский 1918 жылы 1 қазанда Верный қаласында диқандар семьясында өмірге келді.

1936 жылы толымсыз орта мектепті бітіріп, бақшы болып жұмыс істей бастады. Сол жылы Қызыл Армиясына шақырылып, комсомолдық жолдама бойынша Орынбордың әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне жіберілді, оны бітіргеннен кейін 1938 жылы ол Псковтың 14-ші авиациалық тобында қызмет етті.



Жаңалықтар » Балаларды қорғау күні құтты болсын!

30 Мамыр 2014 | Көрсетiлiм: 595
Балаларды қорғау күні құтты болсын! 1949 жылы Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының конгресінде Халықаралық балаларды қорғау күні бекітілді және 1950 жылдан бастап 50 ден астам мемлекет 1 маусым мерекесін тойлауда. Біздің елімізде бұл мереке көптен күткен жазғы демалыстармен байланыстырады.

«Сәби» сөзімен байланысқан біздің Қорға бұл күн ерекше маңызды, өйткені атқарып жатқан ісіміздің бәрі балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен дамуына бағытталған. Соған керекті қолайлы жағдай жасап, біз әрбір бала келешекте өз елінің беделді азаматы болатына үміттенеміз.

Балаларды қорғау күніне айтылатын тілектер әрқашанда жылы, әрі таза, өйткені сәбидің күлкісі мен жарқылдаған көзі – үлкен бақыт. ?рбір баланың балалық шағы қуанышты болу керек!



Жаңалықтар » Жолдарың болсын, түлектер!

28 Мамыр 2014 | Көрсетiлiм: 491
Жолдарың болсын, түлектер! Жақында жыл сайын «Сәби» Қоры қаламыздың білім беру центрлерінің бірінде Алматы қаласы және Алматы облысының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұйымдастырған Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық курстары аяқталды.

Алдында біз жобаға қатысқан жоғарғы сынып оқушыларының барлығы өз нәтижелерімен мақтана алмағанын жазып кеттік: мектеп бағдарламасына қосымша түскен ауыртпалық қиынға соқты. Негізгі тестілеуге 8 ай бойы созылған жол оңай болған жоқ. Тіпті балалар ауырып қалып немесе басқа себептермен сабақтарын жіберіп қалған күндері болды. Бірақ оған қарамай көбісі біртіндеп қиынға соққан сабақтарының кемістіктерін жоя бостады. Олар нәтижелерін жақсартып және тұрақты жақсы балдар көрсетті.

Оқу курсы бойы Қордың жағынан білім беру ортылығының тәлімгерлермен, балалар үйінің тәрбиешілерімен және оқушылардың өздерімен жан жақты байланыс жасалды. Енді балалардың әрбірі сеніммен өзінің алғашқы маңызды емтиханың тапсырады деп үміттенеміз.

Жолдарың болсын!



Жаңалықтар » Welcome Home, Kanat!

21 Мамыр 2014 | Көрсетiлiм: 1127
Welcome Home, Kanat! Уақыт зымырап өтіп барады! Сәби Қорының дарынды жастарды қолдау «?лем» бағдарламасы бойынша халықаралық грантының иегері Бейсекеев Қанатты кеше ғана жіберген сияқты едік, содан әлемнің жартысын өтіп Нью-Йорк киноакадемиясының бір жылдық «Фотосурет» курсын оқуына кірісіп, бүгін ұшақтың баспалдағын аттап отанына аман есен оралды.

Қарқынды оқу курстың аясында, төрт мезгілдің ішінде біздің «әлемдік» баламыз документалдық, классикалық, көркемдік және коммерциялық стильдегі кез келгеніне ғана емес, тіпті оданда зор жобаларға қатысып әлемнің ең профессионалды студияларында фотоға түсіру техникасын меңгеріп алды.

Сонымен қатар Қанат әйгілі журналдардың жеке тапсырыстарын алып жұмыспен оқуды қатарластырды, лукбуктарды түсірді, сосын АҚШта тұрып жатқан қазақстандықтар туралы репортаждар топтамасын жасады. Соңғысы Америкаға бақыт жолында көшіп кеткен бұрынғы отандастарымыз туралы көптеген қызықты нәрселер білген интернет пайдаланушылардың арасында белсенді пікірлер айтылды.