Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Армандар орындалуы тиіс!

21 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 1517
Армандар орындалуы тиіс! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының қалыптасқан дәстүріне сай, «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының аясында Грант иегерлері атанған «әлемдіктердің» айрықша жағдайларда қол жеткізген жетістіктерімен біз аса қуанышпен бөліскіміз келіп отыр.

Талантты жас әншілер Сыдықов Жасұлан мен Алдыбергенов Тимур, 16 желтоқсанда ел ордамыздағы «Астана-Арена» алаңында өткен еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халқымның жеткен арманы» атты орасан зор шоу – Гала-концертінде қатысу мүмкіндігін «Сәби» Қорының қолдауымен алды.

Салтанатты шараның көрермендері Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихын айқындайтын көптеген театрландырылыған және цифрлі форматта көрсетілген қойылымдарды тамашалады.



Жаңалықтар » Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

14 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 23
Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті отандастар!

Сіздерді ең басты мемлекеттік мерекесімен – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі таңда, артымызда 20 жыл өткеннен кейін Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта толық құқықты, жауапты және құрметті қатысушы екені ретінде танылғанын біз аса сеніммен және мақтанышпен жария етеміз.

Біз сіздерге бейбітшілік, жақсылық, табыс және Отанымызбен бірге жаңа шыңдарға жетулеріңізді тілейміз.
Жақындарыңызбен бірге бақытты және өркенді өмір сүріңіздір, дендеріңіз сау болсын!

«Сәби» Қайырылымдылық Қорының ұжымы.



Жаңалықтар » «?лемдік» атануға лайықты балалардың видеобейнелері

5 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 1532
Алдынғы уақыттарда біз еліміздің әр-түрлі аймақтарында болған «Сәби» Қорының жұмыскерлерінің "?лем" дарынды жастарды қолдау бағдарламасы бойынша творчестволық іс-сапарлары жөнінде жаңалықтармен бөліскен болатынбыз. Ал енді сіздерге жобаға қатысуға үміткер болып отырған балалардың көрсеткен өнерлерін түсіріп алған видеоматериалдармен бөліскіміз келіп отыр.

Қызылорда облысының Айтеке би кентінде тұратын жас әнші Ақкенже әр түрлі облыстық және республикалық сайыстарда жүлделі орындарды жаулап отыр, ол енді өз өмірін тек қана музыкамен байланыстырсам дейді. Ақкенже қазақтың халық әнін орындады.

Атырау облысының Бейбарыс ауылының 10 сынып оқушысы Алпамыс Мұхтар Шаханов атамыздың өлеңін оқыды. Ол көпшілік алдында оқу мәнерімен барлығымызды таңдандырып ду қол шапалаққа ие болды. Алпамыс болашақтағы өзінің жоспарларымен бөлісті – жас бозбала кейіннен озін филолог ретінде көздеп отыр, тыңдаушылардың арасында бұл мақсатынының орындалатынана ешкімнің күмәні болған жоқ.

Ал біз болсақ өз тарапымыздан жаңа «әлемдіктерді» күтіп жүрміз. Бізге сауалнамаларыңызді жіберіңіздер!



Жаңалықтар » Атырау, бізді дарындарыңмен қолда!

30 Қараша 2011 | Көрсетiлiм: 1341
Атырау, бізді дарындарыңмен қолда! Жас дарындарды қолдау жөніндегі «?лем» бағдарламасы Қазақстанның кең байтақ аумағында дарынды жастарды іздеуін жалғастырады. Енді батыс аймағының кезегі келді. Осы жауапты миссияны орындау үшін «Сәби» Қайырымдылық қоры қызметкерінің Атырау облысына шығармашылық сапары ұйымдастырылды.

«?лем» бағдарламасымен таныстыру Атырау облысының жеті оқу орнында өтті. Сапардың бірінші күнінде Махамбет ауылының 2 мектебінің оқушылары және ұстаздарымен сұхбат жүргізілді. Келесі және үшінші күн жағрафиялық тұрғыдан кең болды. Бейбарыс, Сарытоғай, Сарайшық және Атоғай елді-мекендерінің балалары біздің өкілімізбен кездесуді тағатсыздана күтті және Бағдарламаға қатысу ниетінде белсенділік танытты.

Іссапардың негізгі мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балаларды табу, біздің ойымызша мақсат орындалды: бірнеше ықтимал «әлемдік» бізді өте қызықтырды, «?лем» бағдарламасының сарапшылары олардың қабілетін растап, оны қажетті бағытқа сала алады деп үміттенеміз.

Фотосуреттер



Жаңалықтар, Біздің видеобейне » Киножұлдыздар дарынды жастар мен қайырымдылық туралы

22 Қараша 2011 | Көрсетiлiм: 1314

Киножұлдыздар дарынды жастар мен қайырымдылық туралы


«Сәби» қорының «?лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасы туралы, дарынды жастарға көмек көрсету қажеттігі жайлы, қайырымдылық принциптері туралы жеке интервьюде ресейлік кино және шоу-бизнес жұлдыздары Гоша Куценко, Евгений Стычкин және Дмитрий Нагиев сұрақтарға жауап беруде.