Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » 8 Наурыз мерекелеріңізбен!

7 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 2
8 Наурыз мерекелеріңізбен!


Среди весенних первых дней
8 Марта всех дороже.
На всей земле, для всех людей
Весна и женщины похожи.
Успехов вам, здоровья вам
? счастья пожелаем,
? с первым праздником весны
Сердечно поздравляем!



Жаңалықтар » «Сәби» Қазақстанды «ашады»

28 Ақпан 2012 | Көрсетiлiм: 1310
«Сәби» Қазақстанды «ашады» «Сәби» Қорының Президенті ?сел Тасмағамбетованың идеялық дем берушілігімен, ұйымдастырушылығымен және демеушілік көрсетуімен, 2012 жылдың 13 мен 17 ақпаны арасында Нью-Йоркте «Nomad’s Way» әлеуметтік-мәдени акциясы өтті. Іс-шараны ең жоғары деңгейде дайындап және өткізу үшін тұтас командаға тоғыз ай бойына тізе бүкпей жұмыс істеу қажет болды. Сіңірілген еңбек елеусіз қалмады – шетелдік БАҚ өкілдері «Nomad’s Way» іс-шарасын «орасан зор оқиға» және «Қазақстанды ашу» деп атады.

Аталмыш іс-шара біздің Республикамыздың мерейтойлық датасы – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырылып, күллі әлемге Қазақстанның бай тарихи мұрасы мен өзіндік мәдениетін ұсынуды мақсат етіп қойды. Іс-шара өз ауқымына ежелгі қазақ шеберлері – зергерлердің қолданбалы өнерінің көрмесі мен қайырымдылық аукционын біріктірді.

Қазақстанның мәдениетімен таныстығы аз американың әлеуметі үшін қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік мұражайынан лайықты орынды иеленген ?манғали Тасмагамбетовтың бірегей жеке жиынының экспонаттары нағыз жаңалық болды. Қазақ халқының бабалар өнері көп ғасырлық тарихқа ие және жоғары деңгейге қол жеткізгені белгілі. Ерекше орынды негізгі түрде, әйелдер киімінің бұйымдарын жасауға арналған және өзінің шығармашылық шабыты мен көп деңгейлі технологиясымен көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар иеленеді. Шебердің әрбір жұмысы өзінің тарихи құндылығымен ғана емес, сонымен бірге бірегейлікті паш ететін бейнешілікке толы тереңдігімен таңдай қақтырады: жасаудың әрбір деталы, әрбір штрихы өзіне белгілі бір мағынаны біріктіреді.



Жаңалықтар » Қосымша стипендия - жаңа мүмкіндік

15 Ақпан 2012 | Көрсетiлiм: 1231
Қосымша стипендия - жаңа мүмкіндік «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының қатысушылары жайлы біз бүкіл әлемге жария салуымыз әдетке айналғандай болды. Жақында ғана бізде бір жаңалық пайда болды, ол Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің 1-курс студенті Тілепбергенов Беріктің «әлемдіктердің» қатарында пайда болуы туралы болып шықты.

Бұл бозбала үшін өзінің оқыған мектебіндегі оқутышулар құрамы өтініш берген еді. Бұл мектепті Атырау облысында іс-сапар кезінде біздің жұмыскеріміз көрген болатын. Берікті ұстаздары оның мақсаткерлігін, сауаттылығын және отаншылдығын айта келе мақтады. Көптеген бәйгелердің және олимпиадалардың жеңімпазы, өз күшімен Алматы қаласындағы ЖОО-ның болашақта маңызы зор техникалық мамандығы бойынша оқуға түсті. Жас бозбаланың жақсы жағынан сипаттайтын тағы бір жайт, оған ұстаздарының қаржылай көмек ретінде, үлкен қалада бой көтеруіне себеп болсын деп азын-аулақ ақша жинап жіберуін айтсаңызшы. Өкінішке орай туған анасы денсаулығын нашар болғанынан өз баласын көмекті көрсете алмай отыр.



Жаңалықтар » «?лемдіктердің» қатары толтырылды

1 Ақпан 2012 | Көрсетiлiм: 9
«?лемдіктердің» қатары толтырылды Осыдан бірнеше күндер бұрын, «әлемдіктердің» тобына жаңа қатысушы қосылды. Ол дүние жүзіне әйгілі «Жұлдыздар фабрикасы» тележобаның қазақстандық көрсетілімнің көрермендерінің жүрегін жаулап алған жас әнші Батыржан Тазабеков болды.

Өзінің бірегей даусынан басқа, бұл бозбала өзге де жақсы қасиеттерге ие, оның жауапкершілігі мен қайраттылығы, өмірдегі көптеген қиындықтарды жеңіп шығуға жол берді. Көпшілік алдында ол дарындылығы мен әртістігімен сүйкімді болды.

Жанұясындағы қиын жағдайын көре тұра, Т. Жүргенов атындағы Өнер Академиясында ары қарай оқуын жалғастыруға мұршасы болмаған Батыржан, анасы мен інілерін көтеру үшін тәлім алып жүрген жерінен кетуге бел буған еді.

Қазір енді бұл мәселе артта қалды. «Сәби» Қайырылымдылық Қоры жас әншінің айқын талантын байқап, сонымен қатар «?лем» Бағдарламасының сарапшыларының ұсынысын ескеріп оған сүйіп оқитын мамандығы бойынша оқу грантын бөлді.

Біз өз тарапымыздан жас «жұлдызға» оқу мен шығармашылық барысында сәттілік тілейміз!



Жаңалықтар, Біздің видеобейне » «?лемдіктердің» Астанада өнер көрсетуі

27 Қаңтар 2012 | Көрсетiлiм: 1184
«?лемдіктердің» Астанада өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының 20-жылдығына орай «Астана-Арена» астаналық стадионда болып өткен және еліміздің басты телеарнада көрсеткен Гала-концертте бідің екі дарындарымыз, «?лем» Бағдарламасының қатысушылары болып табылатын Сыдықов Жасулан мен Алдыбергенов Тимурдың қатысқаны жайлы біз алдында жаңалықтарда хабарлап өткен болатынбыз, енді міне, аса қуанышпен сіздердің назарларыңызға олардың орындаған әнінің бейненұсқасын ұсынып отырмыз