Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Шахмат спортына жол ашық!

16 Қараша 2011 | Көрсетiлiм: 1207
Шахмат спортына жол ашық! 10 қарашада Алматы-Тауэрс ғимаратында “SABY-CHESS” балалар шахмат клубы жұмысын бастады, оның ашылуына басты себебі болған – ол біздің Қордың қолдау көрсетуі (толық ақпаратты қараңыз).

10 мен 13 қарашаның аралығында клубтың өзінде Алматы қаласының Шахматшылар Одағымен ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай балалар мен жасөспірімдер арасында тәжірибелік турнирі өтті. Енді міне оның нәтижесі туралы бөлісікіміз келіп отыр.

Даналардың сайысында 40-ден астам Алматы қаласының оқушылары қатысты. Ойын реттелмелі швейцариялық жүйе бойынша 7 айналымнан тұрды. Қиын тартыста ұпай сандардың қорытындыларымен 2-ші дәрежеге Алматы қаласының 3 баласы қол жеткізді, ал 4-ші дәреже оңтүстік астананың 5 спортшысына бұйырды.




Жаңалықтар » «?лемдіктер», біз сіздерді күтеміз!

9 Қараша 2011 | Көрсетiлiм: 12
«?лемдіктер», біз сіздерді күтеміз! Достар!
Қазіргі кезде «Сәби» Қайырылымдылық Қоры, әлі құпияда ұстап отырған, үлкен акцияны өткізу бойынша қарқынды дайындық басында. Оның басты мақсаты – «?лем» дарынды жастарды қолдау көрсету бағдарламасын ары қарай дамыту бойынша қаржы жинастыру болып табылады. Дәл осы сәтте, біз күрделі даярлық жұмыстарының үстінде болып отырмыз, кейіннен қандай нәтижеге жеткеніміз туралы міндетті түрде айтып өтеміз.

Өздеріңіз байқағандай, біздің Қордың осы саладағы қызметіміз кеңінен жан-жақты болып отыр, өйткені біз тек қана материалдық көмекпен ғана шектелмей, еліміздің жастарын өмірге қалыптастыру және дарынын дамыту бойынша қолдау көрсететін «мәнді қайырылымдылық» принципін ұстанып отырмыз.

Сондықтан, біз балғын дарындарға айтатын үндеуіміз: «Таланттарыңыз ескерілмей қалмасын, өздеріңіз туралы біздің «?лем» арқылы бүкіл әлемге жар салыңыздар!»

«Сәби» Қайырылымдылық Қорының «?лем» Бағдарламасы туралы толық ақпаратты сіздер біздің сәнді де жарқын www.alemsaby.kz сайтымызда оқып білуіңізге болады.
Хабарласыңыздар, біз сіздерді күтеміз!



Жаңалықтар » Жас «каспаровтарда» жаңа инвентарь!

27 Қазан 2011 | Көрсетiлiм: 1893
Жас «каспаровтарда» жаңа инвентарь! Кезінде еліміз тек қана көп кітап оқығаннан ғана емес, шахмат ойнағаннан әлемнің алдыңғы қатарларында болған еді. Бұрынғы заманымызда ойлау қабілетін тәрбиелеу мақсатында осы ежелгі ойынға көп көңіл бөлінген. Шахматтар тәртіпке үйретіп, шоғырлануды және зейінді дамытады. Бүгінгі күнде өкінішке орай, осын ойынмен шындап айналысып жүрген адамдарды сирек кездестіреміз. Олардың көбісі, жастары келген үлкен кісілер болып табылады, ал балалар мен жастар арасында шахмат кеңінен таралмаған. ?рине, қазіргі таңда, адамның жеке даралығын дамытатын одан да басқа көптеген тәлімдер, ойындар және көркемөнерлер бар, бірақ шахматтың орны бөлек екені бәрімізге мәлім.

Өткен ғасырдың ең жақсы дәстүрін жалғастыру мақсатымен, «Сәби» Қайырылымдылық Қорының басқармасы Алматы қаласының Шахматшылар Одағына ескірген инвентарьлардың орнына жаңаларын алып беруге қолдау көрсетуге шешім қабылдады.



Жаңалықтар » Қызылорда облысы қайтадан «Сәбиді» күтіп алуда

6 Қазан 2011 | Көрсетiлiм: 1417
Қызылорда облысы қайтадан «Сәбиді» күтіп алуда Қазақстанның шалғай аймақтарында жас таланттарды іздестіруді жалғастыру мақсатында, «Сәби» Қоры жас дарындарды қолдау жөніндегі «?лем» Бағдарламасының менеджерін жаңа іссапарға жіберу бастамасын көтерді. Барар жер – Қызылорда облысы болды, біздің Қор онда өз қызметін біреше жылдан бері жүзеге асыруда.

«?лем» Бағдарламасымен таныстыру мақсатында, бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларымен кездесулер өткізілді. Қазалы ауданындағы ?йтеке би кентінің екі мектебі, № 170 және № 249 мектеп, сапар тізімінде бірінші орында болды. Балалар өздерінің таланттарын паш ету үшін, сондай-ақ, Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша көптеген сұрақтарды қою үшін осы кездесуді тағатсыз күткен еді. Құшақ жая қарсы алу және оқушылармен ыстық ықыласпен тілдесу - өте үлкен әсер қалдырды және жылы лебіз ретінде есте қалып қойды.



Жаңалықтар » Келешегінен үміт күттірер

30 Қыркүйек 2011 | Көрсетiлiм: 234
Келешегінен үміт күттірер «?лем» бағдарламасының қатысушылары – жас дарынды вокалистер Тимур Алдабергенов пен Жасұлан Сыдықов «Сәби» қорының қолдауының арқасында оқу жылы басталғаннан бері ағылшын тілі курстарына барып жүр.

Қор сарапшыларының пікірінше қазіргі шоу-бизнесте бұл тілді ерік меңгеру жақсы музыкалық білімнің болуы сияқты зор қажеттілік болып табылады. Біз зор үміт артып отырған «?лемдіктер» бірнеше ай бойы тіл үйрету орталығында оқитын болады.

Тимур мен Жасұлан Құрмаңғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясында Қорымыз ұсынған гранттар бойынша оқып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық және оқу қызметінде жан-жақты қолдау көріп отыр.