Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Анонстар » Бекмамбетов байқауының жартылай финалистері жарияланды

27 Мамыр 2011 | Көрсетiлiм: 1391
Бекмамбетов байқауының жартылай финалистері жарияланды25 мамырда, Астаналық «Арсенал 3D» кинотеатрында, ресми әрiптесi «Сәби» қоры болып табылатын, Бекмамбетовтың сценарийлер Байқауының бiрiншi кезеңінiң қорытындылары бойынша баспасөз-конференциясы өттi.



Анонстар » Бекмамбетов байқауы жартылай финалға жетіп қалды

17 Мамыр 2011 | Көрсетiлiм: 142
Бекмамбетов байқауы жартылай финалға жетіп қалды24 наурызда басталған, Тимур Бекбамбетовтің сценарийлер байқауына сұранымдарды қабылдау күндері артта қалды. 1 мамырдан бастап Байқаудың штаб қызметкерлері жартылай финалистерді анықтау жұмысын белсенді атқаруда.

Осы жылы Қазақстан атынан конкурсанттар саны, басқа ел қатысушыларынан әлдеқайда асып отыр, мүмкін бұл Сайыс ұйымдастырушыларының «біздің үміткерлерімізге» арнайы жағдайларды ойластыру арқасында болар. Қазақстан қатысушыларың ақпаратын жинақтау мен сұрыптау, коммуникативтік байланысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру міндеттерін орындаған, «Сәби» қорының қызметкерлері, сұраным қабылау кезеңінде 620 хат ішінде, 130 синопсистерді әрі қарай қарастыруға іріктеп шығарды. Енді үміткерлерімізді халықаралық жюри бағалайтын болады, оның құрамында әйгілі киноиндустрия продюссерлері мен режиссерлер болады.

Жартылай финалистерді іріктеу корытындылары, сондай-ақ қазақстандық сценаристері үшін қосымша жеңілдіктері жайлы 25 мамыр күні, Астана қаласында өтетін баспасөз конференциясында анықталады.



Жаңалықтар » Ноутбук – бүкіл әлеммен байланыс

3 Мамыр 2011 | Көрсетiлiм: 161
«Сәби» Қайырылымдық қорының дарынды жастарды қолдауға бағытталған «?лем» бағдарламасына Семей қаласынан 14 жасар, ауыр науқасты, 2-ші топтың мүгедегі, бірақ өте екпінді және қайсарлы ?нуар атты бала хабарласты.

?нуар сурет салу мен мүсін жасаумен әуестенеді, ал сүйікті пәндері – математика мен физика болып табылады. Жасаған жұмыстарының нәтижелері өте жақсы. Өкінішке орай, ауыр сырқатының салдарынан, жас бала үйінде отырып білім алуына мәжбүр болды. Алайда ол, бүкіл әлеммен қатынасып, жаңа достар тауып, олармен өз өнерімен бөліскісі келеді.

«?лем» бағдарламасы бойынша, жас талапкердің кандидатурасы сарапшылармен қарастылырылып, Қор атынан Грантты иелене алмай қалды. Дегенмен, балаға мейірімі үстем болған, Қор басшылығы өз тарапынан оның ынтасын көтермелеп, интернет арқылы әлемдегі миллиондаған қолданушылармен хабарласып тұруына мүмкіндік беретін Apple ноутбугын сыйға тартты.



Жаңалықтар » Чернобыль ардагерлерінен естелік медаль

25 Сәуір 2011 | Көрсетiлiм: 126
Осы жылдың көктемінде бүкіл әлем 1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль алапатын еске алып отыр. Біздің еліміздің өкілеттері апаттың салдарын жоюға аса ерлікпен қатысып, денсаулықтарынан, ал көптегендері өмірінен де айрылды.

Жыл сайын аман қалғандардың қатары сиреуіне қарамастан, Чернобыль ардагарлері тізе бүккен емес. Қиын азаптарды кешіп, оларды жеңе тұра, осы күнге дейін еліміздің болашағы мен ұрпақтары үшін аса қайсарлықпен еңбек етуде.

Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай, қайырылымдық саласында қызмет еткені үшін «Сәби» Қорының Президенті Тасмағамбетова ?сел ?манғалиқызына, Чернобыль және Жергілікті соғыстардың Ардагерлері Одағының атынан тапсырылған естелік медалі, бізді осындай нағыз ер азаматтарымыздың қошеметіне бөлеп отыр.

Біздің марапаттарымыз



Жаңалықтар » «Сәби» қоры айтулы награданы иеленді

15 Сәуір 2011 | Көрсетiлiм: 161
«Сәби» қоры айтулы награданы иелендіЕуропалық Бизнес Ассамблеясының ұйымдастыруымен наурыз айының басында Лондонда өткен «2011 Энергетикалық Саммиті» біздің Қор үшін айрықша оқиға болды. Саммит жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын жыл сайынғы Халықаралық Сократ Сыйлығын табыстау рәсімінде «Сәби» қайырымдылық қорына Ханшайым Викторияның («Queen Victoria Commemorative Medal») құрметті наградасы берілді, бұл - «Сәби» қорының асыл қазынасынан ерекше орын алған адалдық, адамгершілік құндылығы мен қажыр-қайрат үшін берілетін эксклюзивті ағылшын сыйлығы.

«Ханшайым Виктория атындағы награда біз үшін, сөз жоқ, үлкен жетістік болды, өйткені халықаралық деңгейдегі тану ұйымның жұмысындағы жаңа кезеңнің басталуын атап көрсетеді», - деп марапаттау туралы түсінік береді Қор Президенті Тасмағамбетова А. ?.

Біз филантропия саласындағы қызметімізге жоғары баға бергені үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясына зор алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта әлеуметтік әл-ауқат пен қазіргі заманғы қоғамды ізгіліктендіру идеяларын ынта-құлшыныспен алға жетелейтін боламыз.
Біздің марапаттарымыз