Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жалпы ақпарат » "Сәби" Қорының президентінің алғы сөзі

27 Желтоқсан 2012 | Көрсетiлiм: 1166
"Сәби" Қорының президентінің алғы сөзі Асель Тасмагамбетова
«Сәби» қорының президенті


Осы жылы біздің Қорға 10 жыл толды. Маңызды шек пен қорытындыларды өткізу уақыты. Есептің бірнеше бетіне барлық жасалған жұмысты жүйелей отырып, әсірелемей-ақ, біздің елімізде әлеуметтік маңыздылыққа ие, «Сәбидің» идеядан үлкен жобалармен салмақты ұйымға айналып, қаншалықты өскенін түсінесің.

Өкінішке орай, қайта құру жылдарында «Қайырымдылық» сөзінің өзі өзінің беделін түсіріп, қазір жым-жылас және лепіріп естіліп тұр. Бірінші тоқсанда қызметімізді талдай отырып, оның – игілік жасау деген тікелей мәнінен аулақ кетіп алмағанымызды қанағаттанарлықпен байқаймыз.

«Сәби» қорының лейтуәждемесі, немесе, егер осылай айтуға келетін болса, девизі, бір данагөй адамның қайырымдылықтың шуыл мен қол шапалақтауға шыдамайтыны туралы пәкірі болып табылады, әйтпесе барлық іс пен рухани ұмтылыс құнсызданып, бар мағынасынан айырылады. Мұнымен біздің жұмысымыздың жарияланбайтыны және анонсталмайтыны түсіндіріледі.



Жалпы ақпарат » «?лемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар!

21 Қараша 2012 | Көрсетiлiм: 1242
 «?лемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар! Екі жыл бұрын «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасын бастаған сәтте біз www.alemsaby.kz сайтында «әлемдіктердің» жеке мәліметтерін көрсететін картотеканы да қосқан болатынбыз. Бұл жерде ең үздік деген қатысушылардың түйіндемелерін табуға болады.

«?лем» базасы қабілетті жастар мен олардың жетістіктеріне қызығушылық танытқан потенциалды жұмыс берушілер, продюссерлер және инвесторлармен ақпарат алмасу және қарым-қатынасты оңалтатын интерактивті кеңістік болып табылады. Портал 5 бөлімнен тұрады: «Үлкен сахна», «Бейнені түсіру», «Жас мамандар», «Талапты ақылдар» және «Дене шынықтыру», осылардың ішінде өтініш берушілердің жеке парақтарында өздерінің дарындарын, икемдіктерін, тәжірибелерін және де басқа да мәліметтерін жариялауға мүмкіндігі бар.



Жалпы ақпарат » Nomad's Way - Көшпендінің жолы.

23 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 1329
Nomad's Way - Көшпендінің жолы. «Өз рухын қолға алған адам, қалаларды жаулап алған адамнан мықты болады» деп, кезінде Эрнест Хемингуэй айтып кеткен.

Бізде 2012 жылдың қазақстандық қана емес, қазақстандық-американдық басты оқиғасына айналған шараны жар салып, сүйінші сұрауға талпыныс болған еді. ?йтенмен де, «Сәби» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы және Президенті болып табылатын ?сел ?манғалиқызы Тасмағамбетова алдымен нәтижені көріп болғаннан кейін қорытындылар туралы мәлім етеді.

2012 жылдың 13-ші және 17-ші ақпанның аралығында болған Нью-Йорк қаласында Nomad’s way атты әлеуметтік-мәдени шараның басты идеяны салушысы, ұйымдастырушысы және демеушысы болған «Сәби» Қорының бүгінгі күнде үміті ақталып, абыройы іске асырылды.

Nomad s Way - Көшпендінің жолы
2012 жылдың Олимпиадасында еліміздің толағайларының арқасында бүкіләлемдік ғаламторды «Қазақстан» деген ізденіс сөзі толтырып жіберді. Батыс елдерінде бідің елімізді қыр-сырынан білмей, тек алып көлемді, пайдалы қазбаларға толы территория ретінде ғана таниды. Алайда осы айтылған байлықтар мен табиғатымызда басқа бізде мақтануға тұрарлық жайттармен әлемді таңғалдыруға шамамыз бар екені анық. Біздің ел бірегей. Егемендімізді алғанымызға 20 жыл толса да, ата-бабамымыздың өнері ғасырдан ғасырға сақталып қазіргі кезге де жетті. Ұлттық этностың жан-жақтарын шет ел азаматтарын айтпай ақ, әрбір қазақстандық да біле бермейді.

«Сәби» Қоры өз алдына Қазақстанның тарихи құндылықтарын және өзгешелігін бүкіл әлемге паш етуді мақсат қылып қойып, әр түрлі елдер мен ұлттар араласқанын Шығыс пен Батыстың шоғырланған аумағын еліміздің үлгісі ретінде көрсетті.



Жалпы ақпарат » БҰТ-ге алдын ала дайындық

3 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 137
БҰТ-ге алдын ала дайындық Біріңғай ұлттық тестілеу. Бұл сөздермен оқушылардың өмірлерінде болатын ең бірінші, сонымен қатар ең маңызды емтиханды тапсыру бойынша бастауыш сыныптан бастап үрей қондырып дайындалуға жар салады. Өз балаларының әр-түрлі курстарда және ұстаздармен қосымша жан-жақты дәріс алуына ата-аналар алдына жан салмайды. Ондай мейірімді ата-анасы жоқ балалар ше? Олардың қамын кім ойлайды? ?леуметтік мекемеде жүрген тәрбиеленушіге тестілердің қыр-сырын түсіндіріп оны қалай өту керек екенін кім үйретеді?

«Сәби» Қайырымдылық Қоры өзінің Оқу жобасы бойынша Алматы қаласының БҰТ-ге мектеп бітірушілерін дайындайтын жетекші орталығымен міне қатарынан үшінші жыл бірге ынтымақтасып келе жатыр. Біздің қамқорымыздағы балалар үйлерінің түлектері Қордың есебінен қазан айынан бастап келесі жылдың мамырына дейін аптасына үш рет арнайы дайындық курстарын өтетін болады.

Өткен кезеңдердің нәтижелері бізді қанағаттандырған болатын: бағдарламаны меңгерген оқушылар тестілеу кезінде жоғары баллдар алып, көбісі мемлекеттік грант бойынша ЖОО-на түсіп кетті. Осы жылы қосымша сабақтарға қатысушылардың саны ұлғайғаны бізді таңғалдырмады, тіптен үлкен қуанышқа бөледі.

БҰТ – әрине, емтихан тапсырушыларға үлкен эмоциялық күйзеліске кенелтеніні анық, бірақ жайымен жоспарлы дайындықты өткізгеннен кейін жауапты мезетте өзіне деген сенімділік күшейіп, келесі жылдары жақсы оқуға кепіл береді.

Біздің бұл ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысымыздың көрсеткішін келесі жылдың тек маусым айында білетін боламыз, сол кезде сегіз ай бойы енбектің шынайы бағасы балалардың алған баллдарымен сәйкестікке тіреледі.



Жалпы ақпарат » Режиссер Ахан Сатаев "?лем" бағдарламасы жайлы (бейнекөрініс)

29 Желтоқсан 2010 | Көрсетiлiм: 1621
Режиссер Ахан Сатаев "?лем" бағдарламасы жайлы (бейнекөрініс)
Ахан Сатаев, режиссер, Sataifilm студиясының негізін қалаушы, "?лем" бағдарламасының дарынды балалар мен жастар үшін қажеттігі жайлы өзінің көзқарасымен бөліседі. Ахан Сатаев "Сәби" Қайырымдылық Қорының дарынды жастарға қолдау көрсету жөніндегі "?лем" бағдарламасының іріктеу комисиясына кіреді.

Ахан Сатаев – белгілі қазақстандық режиссер, ол "Рэкетир", "Ағайынды" және "Адасқан" және т.б. фильмдерді, сондай-ақ 300 астам жарнамалық ролик түсірген. «Алтын Жұлдыз» жүлдесінің бірнеше дүркін иегері.