kaz.alemsaby.kz » Жаңалықтар » Таныстырған, табыстырған бізді «?лем»
Таныстырған, табыстырған бізді «?лем»20 Наурыз 2014. |
Алматы...
Қазақ Ұлттық университеті... ҚазҰУ қалашығы... Студенттік өмір... Мұның бәрі алтын ұя мектебінен жаңа өмірге қанат қаққалы отырған жас түлектердің асқақ арманы еді. Жүрегі лүп-лүп соғып, көңілі алабұртқан бойжеткен мен бозбаланың арманы... ![]() Біз кеше кішкентай ауылдағы шағын мектептің мақтанышы болсақ, бүгін білдей бір университеттің атағын шығаратын студенттеріміз. Біз кеше бір-бір үйдің еркесі болсақ, бүгін еліміздің ертеңі үшін пайдалы әрекет етуге талпынған азат елдің жастарымыз. Енді аз уақыттан соң сүйікті мамандығымыздың иесі атанамыз. Сол үшін де жан салып еңбектенудеміз. ![]() ?рқайсысы егемен елдің мүддесі үшін аянбай тер төгуге әзір. Ата-ананың үкілеген үміті мен «?лем» артқан сенім жүгін ақтауға даяр. Жүрекжарды сөзімізді жыр шумақтарымен түйіндегіміз келеді: Балғын бала армандарым әдемі, Арайлы атқан аппақ нұрдың таңы еді... Сол тәп-тәтті қиялыма жетектеп, Табыстырған, таныстырған «?лемім». Достық деген - мына өмірдің мәні еді, Дос пейілім жүрегімде бар еді... ?р қиырдан келген мына біздерді, Таныстырған, табыстырған «?лемім». Біздің мақсат бәйтеректей мәуелі, Талабымыз бұлт жарысқан тау еді. Болашақтың кілтін ашып біздерге, Табыстырған, таныстырған «?лемім» . ?л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің 2 курс студенттері Темірғали Қарлыға, Жұлдыз ?біл, 1 курс студенті Берекет Данагүл, экономика және бизнес факультетінің 2 курс студенті Мүтиева Ақжарқын, филология және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Жұманов Жандарбек Алдыңғы бет |