Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon
Жаңалықтар » Таныстырған, табыстырған бізді «?лем»

Таныстырған, табыстырған бізді «?лем»

 
Алматы...
Қазақ Ұлттық университеті...
ҚазҰУ қалашығы...
Студенттік өмір...

Мұның бәрі алтын ұя мектебінен жаңа өмірге қанат қаққалы отырған жас түлектердің асқақ арманы еді. Жүрегі лүп-лүп соғып, көңілі алабұртқан бойжеткен мен бозбаланың арманы...

Таныстырған, табыстырған бізді «?лем» ?ә, армандар орындалады екен. Аппақ тілек пен адал ниет – болашақтың кілтін өзі-ақ табыстайды екен. Біз де бір кезде қай арнаға ілесіп, қай бағыттан жол табам деп жүрген, тұлымы желбіреген түлектер едік. Бүгінде арманнан ақиқатқа айналған Қазақ Ұлттық университетінің студенттеріміз. Біздің ертегі қиялымызды ертеңгі күнге ұластырып берген, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған қыз-жігіттердің басын біріктірген «Сәби» қайырымдылық қорының «?лем» бағдарламасы. Болашағымызға үлкен сеніммен қарап, қалаған мамандығымызға қол жеткізген қамқоршыларымызға алғысымыз зор. Осыдан екі жыл бұрын бір-бірімізді танымаған, көрмеген ұл-қыздар – бұл күнде ажырамас достарға айналдық.

Біз кеше кішкентай ауылдағы шағын мектептің мақтанышы болсақ, бүгін білдей бір университеттің атағын шығаратын студенттеріміз. Біз кеше бір-бір үйдің еркесі болсақ, бүгін еліміздің ертеңі үшін пайдалы әрекет етуге талпынған азат елдің жастарымыз. Енді аз уақыттан соң сүйікті мамандығымыздың иесі атанамыз. Сол үшін де жан салып еңбектенудеміз.

Таныстырған, табыстырған бізді «?лем» Университеттің қандай шарасы болмасын, бел шешіп ортасынан табылатын журналистика факультетінің студенттері Қарлыға, Жұлдыз, Данагүлдің де, экономика және бизнес факультетінде оқыса да, жанынан қаламын тастамай, қара өлеңді серік етіп жүрген Ақжарқынның да, талай ортаны топ жарып, өзінің ақындылығы мен ақылдылығын ұштастырып жүрген Жандарбектің де алдарына қойған мақсаты бір, міндеті бір.

?рқайсысы егемен елдің мүддесі үшін аянбай тер төгуге әзір. Ата-ананың үкілеген үміті мен «?лем» артқан сенім жүгін ақтауға даяр.

Жүрекжарды сөзімізді жыр шумақтарымен түйіндегіміз келеді:
Балғын бала армандарым әдемі,
Арайлы атқан аппақ нұрдың таңы еді...
Сол тәп-тәтті қиялыма жетектеп,
Табыстырған, таныстырған «?лемім».

Достық деген - мына өмірдің мәні еді,
Дос пейілім жүрегімде бар еді...
?р қиырдан келген мына біздерді,
Таныстырған, табыстырған «?лемім».

Біздің мақсат бәйтеректей мәуелі,
Талабымыз бұлт жарысқан тау еді.
Болашақтың кілтін ашып біздерге,
Табыстырған, таныстырған «?лемім»
.

?л-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті журналистика факультетінің
2 курс студенттері Темірғали Қарлыға,
Жұлдыз ?біл, 1 курс студенті Берекет Данагүл,
экономика және бизнес факультетінің
2 курс студенті Мүтиева Ақжарқын,
филология және әлем тілдері факультетінің
1 курс студенті Жұманов Жандарбек
 
Жарияланымда: 20 Наурыз 2014 | Көрсетiлiм: 1552
Бөлісу Google +Бөлісу TwitterБөлісу FacebookБөлісу ОдноклассникиБөлісу Мой МирБөлісу ВКонтакте