Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/v-5360/data/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/v-5360/data/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/v-5360/data/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/v-5360/data/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/v-5360/data/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon
Үміткерлерге » Түйіндемені толтыру ережелері

Түйіндемені толтыру ережелері

 
Өтінеміз, Түйіндемені толтыру ережелерімен танысып шығыңыз.

1. "Аты-жөні" терезесінде
Аты-жөніңізді теріп жазыңыз

2. Шығып тұрған "Жасы" терезесінде
өзіңіздің түйіндемені толтыру сәтіндегі жасыңызды көрсетіп жазыңыз

3. "Толық ақпарат" терезесінде
келесі сауалдарға жауап беріңіз:
Қайтадан аты-жөніңізді жазыңыз.
Сіз қай елдің қай қаласында не елдімекенінде тұрасыз?
Қандай оқу мекемелерінде оқыдыңыз не оқып жатырсыз ?
Сіз өз дарыныңыз деп нені санайсыз (қандай ерекше дағдыларыңыз мен қабілетіңіз бар)?
Өз қабілетіңізде қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Қандай байқауларға, жарыстар мен шараларға қатыстыңыз?
Қандай наградалар және қандай жетістіктеріңіз үшін алдыңыз?
Сіз "Әлем" бағдарламасынан қандай қолдау алуды күтесіз?
Өзіңіз жайлы 10 сөйлем мөлшерінде қосымша мәліметтерді хабарлаңыз (егер Сіз жоғарыда берілген жауаптар дарыныңыздың мәнін толық ашпайды деп есептеген болсаңыз).
Сізбен қалай байланысуымызға болатынын көрсетіңіз (егер Сіздің телефоныңыз не электронды мекенжайыңыз - e-mail болмаса)
Сіздің және Өз отбасыңыздың әлеуметтік жағдайын (ата-анаңыз бар ма, кім болып жұмыс істейді) көрсетіп жазыңыз
«Әлем» бағдарламасы жайлы қай дереккөзден білдіңіз?

4. "Қаланың коды, телефон нөмірі" терезесінде
Сізбен байланысуымызға болатын байланыс телефонын көрсетіңіз

5. "e-mail (қолданыстағы)" терезесінде
Өзіңіз үнемі пайдаланатын электронды мекенжайыңызды (e-mail) көрсетіңіз

Өзіңіз жайлы мәліметтерді енгізіп болғаннан кейін "Жіберу" түймешігін басыңыз

Түйіндемені осында толтыруыңызға болады.

Егер Сіз жайлы ақпарат іріктеу комиссиясының мамандарын қызықтыратын болса, біз Сізбен өтініміңізді тапсырған сәттен бастап бір ай ішінде Өзіңіз көрсеткен байланыс мәліметтері бойынша хабарласатын боламыз.

Жоба әкімшілігі іріктеу комиссиясының пікірі бойынша байқаулық іріктеудің шарттарын қанағаттандырмайтын үміткерлерге жауап бермеуге құқылы.

Жоба әкімшілігі "Әлем" бағдарламасына қабылданған қатысушылардың түйіндемесін alemsaby.kz. сайтының парақтарында жайғастыруға құқылы.

«Әлем» бағдарламасы туралы барлық ақпаратты Сіз alemsaby.kz сайтынан ала аласыз. 
 
Жарияланымда: 30 Қазан 2010 | Көрсетiлiм: 3049
Бөлісу Google +Бөлісу TwitterБөлісу FacebookБөлісу ОдноклассникиБөлісу Мой МирБөлісу ВКонтакте