“?лем” бағдарламасына қатысу ережелері |
“?лем” бағдарламасына қатысуға жасы 7 және 24 жас аралығын құрайтын, келесі категориялар мен номинациялар бойынша дарыны не бірегей табиғи қабілеті бар балалар, жасөспірімдер, жастар шақырылады. Көрсетілген “Түйіндемені толтыру ережелері” бойынша толтырылған және alemsaby.kz адресіне жіберілген түйіндеме 3-деңгейлік іріктеуден өтеді: 1. ?нтернет-іріктеу – жіберілген өтінімдерді талдау негізінде Қор қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі. 2. Аралық іріктеу – өзіне әр номинация бойынша саралап жіктелген түрде білікті және танылған кәсіпқойлар шақыртылатын іріктеу комиссиясымен жүргізіледі 3. Ақтық іріктеу – алдыңғы іріктеудің нәтижелерін салыстыра отырып «үздіктердің үздігі» принципі бойынша жүргізіледі, кандидаттардың әлеуметтік тұрғыдан осал категорияларға (жетімдер, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы не жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балалар, денсаулығына орай мүмкіндігі шектелген балалар) жатуы ескеріледі Егер Сіз жайлы ақпарат іріктеу комиссиясының мамандарын қызықтыратын болса, біз Сізбен өтініміңізді тапсырған сәттен бастап бір ай ішінде Өзіңіз көрсеткен байланыс мәліметтері бойынша хабарласатын боламыз. Сіздің нені күтуіңізге болады Ақтық іріктеудің нәтижелері бойынша лауреаттар Қордың қолдауына ие болады, оның түрі мен мөлшері номинацияға байланысты белгіленеді және ол келесі түрде болып келуі мүмкін: • түрлі және соның ішінде халықаралық көрмелерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын қаржыландыру; • түрлі және соның ішінде шетелдік бағдарлық оқу мекемелерінде, Жоғару оқу орындарында, магистратураларда оқуының ақысын төлеу; • тиісті номинация бойынша білікті және танылған кәсіби шеберлермен тыңдауларды, байқауларды, әңгімелесулерді ұйымдастыру; • жетекші кәсіпорындарда, компаниялар мен ұйымдарда, музыкалық ұжымдар мен қоғамдарда машықтану мүмкіндігін ұсыну. Сонымен қатар, “Сәби” Қайырымдылық Қоры alemsaby.kz электронды мәліметтер картотекасын әзірлеуде, мұны қызығушылық танытып отырған промоутерлер, продюсерлер, HR-менеджерлер мен жұмыс берушілер тиісті өнер, ғылым, спорт, бизнес саласында жұмыс істеу үшін дарынды жастарды іріктеу мақсатында қарауына болады. "?лем" дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы филантроптардың ерікті жарналарының, сондай-ақ “Сәби” Қорының достары мен серіктестерінің риясыз қолдауының есебінен қаржыландырылып және қызмет етеді. |
Жарияланымда: 30 Қазан 2010 | Көрсетiлiм: 3904 |