Өңтүстік астананың көшелер » Алматының көшелері кімдердің атымен аталған |
|
15 Қаңтар 2014 | Көрсетiлiм: 0 ![]() Адамдар тар көшелердің, үлкен көшелердің, даңғылдардың және алаңдардың атауы кімнің құрметіне аталғанына мүлдем назар аудармай жаяу немесе көлікпен жұмыстарына асыға немесе жай қыдырып жүреді. Ал олар келешек ұрпақтың есінде қалуға ие болған көрнекті тұлғалар болып келеді. "Өңтүстік астананың көшелері" атты айдарын бастаудың алдында Алматы мен бүкіл Қазақстанның тарихында өздерінің айрықша өмірімен із қалдырған тұлғалар туралы сайтымыздың оқырмандарына еске салып айтқымыз келеді. |

Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » Басенов атындағы көше |
|
23 Шілде 2014 | Көрсетiлiм: 1971 ![]() Бәсенов Төлеу Құлшаманұлы (1909-1976) Тұңғыш кәсіпқой қазақ сәулетшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, КСРО Сәулет академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанда қазіргі сәулет мектебінің негізін салып, сәулет саласындағы алғашқы ғалым-педагогтардың бірі, Сәулетшілер одағының алғашқы төрағасы. Республикада бірінші сәулеттік факультетін ұйымдастырушысы. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында дүниеге келген. Ленинград азаматтық-инженерлер институтын бітірген. Еңбек жолын Қазақ КСР халық комиссарлары кеңесі жанындағы құрылыс басқармасынан бастаған. |

Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » C. Луганский атындағы көше |
|
6 Маусым 2014 | Көрсетiлiм: 1550 ![]() Сергей Данилович Луганский (1918—1977) 270-ші жойғыш авиация полкісінің эскадриль командирі (203-ші жойғыш авиация дивизиясы, 1-ші шабуылшы авиация корпусы, 5-ші әуе армиясы, Дала майданы), Кеңес Одағының екі мәрте Батыры. Сергей Луганский 1918 жылы 1 қазанда Верный қаласында диқандар семьясында өмірге келді. 1936 жылы толымсыз орта мектепті бітіріп, бақшы болып жұмыс істей бастады. Сол жылы Қызыл Армиясына шақырылып, комсомолдық жолдама бойынша Орынбордың әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне жіберілді, оны бітіргеннен кейін 1938 жылы ол Псковтың 14-ші авиациалық тобында қызмет етті. |

Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » Мырза Ұлықбек атындағы көше |
|
12 Наурыз 2014 | Көрсетiлiм: 2246 ![]() Мырза Ұлықбек (1394-1449) Мырза Мұхаммед ибн Шахрұх ибн Темір Ұлықбек Құраған — ұлы Темірланның немересі, Темір әулиетінің ірі түркі мемлекетінің билеушісі, көрнекті астроном және астролог. 1394 жылының 22 наурызында атасы Темірдің (Темірланның) 5 жылдық әскери жорығы кезінде Сұлтания қаласында өмірге келді. Ұлы астрономның өміріндегі қызықты оқиғалары Аңыз бойынша Ұлықбек бала кезінде Марагадағы атақты ?т-Туси Нәсір әд-Дин обсерваториясынан қалған ғимаратты көріп келді. Білімқұмар балаға қатты әсерін берді және оның астрономиямен әуестенуін анықтады. |

Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » Ғабиден Мұстафин атындағы көше |
|
15 Қаңтар 2014 | Көрсетiлiм: 3505 ![]() Ғабиден Мұстафин (1902–1985 гг.) «Қайта жанған елдің жазушысы» - деп Ғабиден Мұстафинді кезінде танымал қазақ әдебиеттанушы Тахауи Ахтанов атап еді. «Қайта жанған» деген мағына сол замандағы қазақ қоғамында социал-экономикалық және мәдени өзгерістерге ғана байланысты болмай, ерен жүйріктердің қатарында болған Ғабиден ағамызда біртума дарындардың жарқырап жанған кездері еді. Көшпенді халықтың сөніп бара жатқан өнерін осындай жарқын жас дарындары жалындадып жіберді. Ғабиден Мұстафин, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 1902 жылы 26 қарашада қарапайым малшының үйінде дүниеге келген, оның балалық шағы Жауыртаудың етегінде қарағайы төніп өскен Сарытөбе атты жерде өтті (қазіргі Қарағанды облысының Тельман ауданы). Жазық даланың бірбеткей, ағысы қатты Нұра өзені ең есте қаларлық балалық әсерін тигізді. Кең алқаптағы туған өлкесінде заманында алғашқылардың арасында болып ашылған Спасск мыс балқыту зауыты білімге құмар баланың көзіне қызығушылық туғызатын. |
