Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon
Жаңалықтар » Ғабиден Мұстафин атындағы көше

Ғабиден Мұстафин атындағы көше

 
Ғабиден Мұстафин атындағы көшеАлматы қаласында Навои көшесінің батысында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне аталған саябағының солтүстігіне қарай көше 1986 жылдан бері Ғабиден Мұстафин ағамыздың атымен аталған.

Ғабиден Мұстафин (1902–1985 гг.)

«Қайта жанған елдің жазушысы» - деп Ғабиден Мұстафинді кезінде танымал қазақ әдебиеттанушы Тахауи Ахтанов атап еді. «Қайта жанған» деген мағына сол замандағы қазақ қоғамында социал-экономикалық және мәдени өзгерістерге ғана байланысты болмай, ерен жүйріктердің қатарында болған Ғабиден ағамызда біртума дарындардың жарқырап жанған кездері еді. Көшпенді халықтың сөніп бара жатқан өнерін осындай жарқын жас дарындары жалындадып жіберді.

Ғабиден Мұстафин, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 1902 жылы 26 қарашада қарапайым малшының үйінде дүниеге келген, оның балалық шағы Жауыртаудың етегінде қарағайы төніп өскен Сарытөбе атты жерде өтті (қазіргі Қарағанды облысының Тельман ауданы). Жазық даланың бірбеткей, ағысы қатты Нұра өзені ең есте қаларлық балалық әсерін тигізді.

Кең алқаптағы туған өлкесінде заманында алғашқылардың арасында болып ашылған Спасск мыс балқыту зауыты білімге құмар баланың көзіне қызығушылық туғызатын.

Ғабиденнің әкесі арабша хат таныған, сондықтан да болар, ол әрқашанда өз баласының көзі ашық болғанын қалаған. Алдымен он жасында ауылдағы молдадан Ғабиден сауатын ашты. Кейіннен Алланың берген дарыны оны білімге ары қарай жетелей берді. Ол зауыттың тізім есепшісі Жүсіп Жауқұмов деген жақсы кісімен достасып одан орыс тілін меңгерді. Көзінің ашылғаны оған нағыз бақытқа айналды. Орысша сөйлейтін бала-Ғабиден Спасск зауытының орыс-қазақ мектебінің төртінші сыныбына қабылданды. Ол аса ынтасымен көп оқып, орыс балалармен қатынасып көптеген жаңалықтарпен танысты. Мектепті үздіктердің арасында бітіріп, ауылға кері қайтқанда ол өз өмірін кітапсыз көре алмады.

«1925 жылдың көктемінде мен Қазақстанның сол кездері астанасы – Қызылордаға оқуға аттандым, - деп өз өмірбаянынында Мұстафин жазған. – Алайда емиханды тапсыра алмай оқуға түсе алмадым, сондықтан да қалып жұмыс істеуіме тура келді». Нан табу үшін ол республиканың Жоғарғы Сотының хат тіркеушісі ретінде қарапайым лауазымға орналасты. Осы жерде оның хат танығаны көп септігін тигізді. ?р күні келіп түскен хатты тек тіркеп қана қоймай, өмір кітабын ашып оқығандай, әр қағазды аса зейінмен оқып жүрді. ?рине, оның лауазыдық жауапкершілігіне өтініштер мен арыздарды қарастыру жатпайтын, алайда ол әр-қайсысын оқып, есіне сақтап отырған.

Жоғарғы Сотта жұмыс істеген кездегі Мұстафин газеттерге қызығушылығын арттырды. Ғабиденның қолы қаламға тартты. Жүздеген кеңес жазушылары сияқты алғашында ол жұмысшы тілші ретінде «Еңбекші қазақ» газетіне мақалалар, оқиғалар, сықақтар, очерктер жіберіп тұрды. Сол кездері ол өзінің «Сәрсен және Боқаш» деген алғашқы әңгімесін жазды.
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары 1927 жылдан бастап басылып шыға бастады, ал «Ер-Шойын» атты әңгімелер жинағы 1929 жылы жарық көрді. Қазақ ауылдарында бай мен кедейдің тап тартысы жазушы ретінде емес, жұмысшы тілшісінің көзқарасымен бейнеленді. Мұстафин өркендеп келе жатқан туған еліне жасанды беллетристика қажет еместігіне көз жетіп, қолдан келгенше көркем, салауатты, әсері күшті, толыққанды шығармалар жазуға тырысты. Алайда, басында оның шеберлігі жетпей жүрді. Сондықтан да ол нағыз тәлім беретін өмірлік университтерінде көп жайттарды өз көзімен көріп, жан-тәнімен сезінгеннен кейін болашақ шығармалырының басты кейіпкерлерінде суреттеді.

1930 жылы туған өлкесіне қайтқан кезде, көмірдің астанасы Қарағанды енді көтеріліп келе жатқан. Ғабиден бірден қара жұмысты істей бастады: жер қазды, темір ұстаның көмекшісі болды. Тек үш жылдан кейін ол ұстаның және токарьдің станогының алдына тұрды. 1933 жылы Қарағанды Кеңесінің Қаулысы бойынша токарь Мұстафин кеншілердің «Қарағанды пролетариаты» атты арнайы газетінің редакциясының жауапты хатшысы ретінде тағайындалды. Кейіннен оны Новосибирск қаласына жұмысын ауыстырып, қазақ тілінде «Қызыл ту» газеті басыла бастады. 7-8 жыл бойы журналисттің еңбегін атқарған Ғабиден Мұстафин үшін нағыз жазушылық еңбектің қызулы сәті болды.

1938 жылы отыз алты жасында Ғабиден Мұстафин Алматыға келіп «?дебиет майданы» атты әдеби-көркем журналы редакциясының қызметкері болып істеді, кейінірек сол журналдың бас редакторы болды. Қарапайым тілшіден бастап республикалық журналдың бас редакторына дейін қандай үлкен жолдан өтті және де көп жылдар бойы қаншама жұмыс атқарылды!

Еске сала кету керек, Мұстафин үшін 1940 жылы Алматыда “Өмір, не өлім” атты тұңғыш романы жарыққа шықты. Бұл ақынның туылған күні болып саналады. Романның басты тақырыбы – Карағандының индустриалдық дамуын көрсету және оның мықты көмір отын қоймасына айналуы.

Содан кейін 1945 жылы «Шығанақ» атты романы жарық көрді. Кітапта «Құрман» атты қазақ колхозының өмірін ұжымдастырудан Ұлы Отан соғысының алғашқы айларына дейін көрсетіліп тұр.

Соғыстан кейінгі кезеңде қазақ прозасының маңызды шығармалары жарық көрді соның ішінде айрықшы орынға Жамбыл атындағы республикалық сыйлығын және орталық баспада жағымды баға алған Ғ.Мұстафиннің (1948) «Миллионер» атты романы ие болды.

Бұл романда ауыл колхозының тақырыбы қарастырылып жатыр колхоз-миллионерлердің біреуінің өмірін бейнелеп отыр.

Ғабиден Мұстафиннің 1952 жылы басып шығарылған «Қарағанды» романы жұмысшы табы тақырыбына арналған. Шығарма дала өлкесінде еліміздегі ең үлкен орталықтарының бірі салынуы туралы, малшылардың тау-кен ісінің білікті мамандарына айналуы туралы, түп негізінде тұрмыс салтының өзгеруінің арқасында адамдарда басқа сана-сезім және қоғамдық тұрмысқа басқа көзқарас қалыптасады.

1959 жылы Ғабиден Мұстафиннің еліміздің тарихында НЭП деп аталған заманды көрсеткен «Дауылдан кейін» атты романы жарыққа шықты. НЭП-тың мәнін түсінбеген төңкеріске дейін өздерін құдайдай санап отырған ауыл басшылары – байлар, болыстық басшылар, билер қайта әніне салып кедей-кепшіктерді одан ары қыспаққа алған. Алайда олардың істері әшкерленді, өйткені өткен заман енді қайтып оралмастай болды.

Мұстафинің шығармалары қазақ халқының рухани байлығының бір бөлігі болып келеді олар барша оқырмандарға жақсы таныс, оқуға қызықты, әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған. Ғабиден Мұстафин (1953-1957) жылдарының арасында Қазақстан жазушылар Одағының басқарма төрағасы болып, (1962-1966) жылдарының арасында Қазақстан жазушылар Одағының басқармасының хатшысы болып Қазақстан әдебиетінің дамуына қосқан үлесі зор.

Бұл мақалада http://tarih.spring.kz/ru/history/postwar/figures/mustafin/ сайтының мәліметтер қолданылды.
 
Жарияланымда: 15 Қаңтар 2014 | Көрсетiлiм: 3474
Бөлісу Google +Бөлісу TwitterБөлісу FacebookБөлісу ОдноклассникиБөлісу Мой МирБөлісу ВКонтакте