Алматы қаласының Алтынсарин көшесінен батысқа қарай, Абай даңғылының солтүстігіне қарай орналасқан көшелердің бірі Мырза Ұлықбек атымен аталған (бұрынғы атауы Домостроительная).
Мырза Ұлықбек (1394-1449)Мырза Мұхаммед ибн Шахрұх ибн Темір Ұлықбек Құраған — ұлы Темірланның немересі, Темір әулиетінің ірі түркі мемлекетінің билеушісі, көрнекті астроном және астролог. 1394 жылының 22 наурызында атасы Темірдің (Темірланның) 5 жылдық әскери жорығы кезінде Сұлтания қаласында өмірге келді.
Ұлы астрономның өміріндегі қызықты оқиғаларыАңыз бойынша Ұлықбек бала кезінде Марагадағы атақты ?т-Туси Нәсір әд-Дин обсерваториясынан қалған ғимаратты көріп келді. Білімқұмар балаға қатты әсерін берді және оның астрономиямен әуестенуін анықтады.
1417-1420 жылдарының арасында Ұлықбек өзінің ұлы мемлекетінің астанасы Самарқандыда медресе салды, бұл Регистан сәулет ансамбіліндегі бірінші құрылым болып табылады. Қалған екі медресе онымен Гиждуван мен Бұқара салынды. Соңғысының кіреберісінде Мұхаммед пайғамбардың хадистерінің жазбасы сақталды: «Білімге ұмтылу әр мұсылманның парызы болып табылады». (Жалпы, медреседегі көптеген барлық жазбалар адамдарды ғылыммен айналысуға шақырады).
Ұлықбектің кезінде Самарқанд қаласы орта ғасырдағы әлемнің ғылыми орталығына айналды. 15 ғасырдың бірінші жартысында Ұлықбектің айналасында ислам әлемінің Ғиясиддин Жәмшид Каши, Қазы-заде Руми, ?л-Кәшидің сияқты көрнекті астрономдары мен математиктердің басын қосқан ғылыми мектеп пайда болды.
Онымен салынған обсерваториясында 1437 жылға 1018 жұлдыз сипатталған
Зидж Гурганидың – жұлдызды аспан каталогы құрастырылды. Сол жерде жұлдыз жылының ұзақтығы анықталды: 365 күн, 6 сағат, 10 минут, 8 секунд (заманауи өлшемдер бойынша +58 секунд дәлсіздігімен!). Және ол уақытта дүрбі, телескоп сияқты құралдар болған жоқ!
Ұлықбектің басты ғылыми жұмысы болып
«Жаңа Гурагандардың астрономиялық таблицасы» саналады. Автор бұл шығармасын 1444 жылы 30 жыл бойы көп еңбек етіп және астрономиялық бақылаулардан кейін аяқтайды. Астрономиялық анықтама латын тіліне аударылып Клавдио Птолемейдің «Алмагестімен» және Кастиль ханзадасы Альфонсо 15-ші астрономиялық таблицамен бірқатарда болып, Европаның барлық обсерваториясында астрономиядан оқу құралы болып саналды. Бұл кестелердің дәлдігі Европа мен Шығыста оған дейінгілерден асып түсті. Тек қана XVII ғасырда Тихо Брагаға самарқандық бақылауларға сай дәлдікке қол жетіп қана қоймай одан асып түсе алды.
Самарқандтағы обсерваториялың пайда болу себепкері болып Ұлықбектің өзінде бірнеше қасиеттердің жиналуына байланысты болды: дарынды ғалым, өз алдына қойған мақсатын жетік біліп және оны қалай орындау керегін білген, байлықтары асып-тасыған құдіретті мемкелекеттің басқарушысы.
Ұлықбек ғылым мен өнердің үлкен меценаты болды. Астрономия мен географиядан бөлек ол поэзия ме тарихқа қызығушылығы болды. Ол «төрт ұлыстың тарихы» атты тарихи шығармасының авторы болды.
1427 жылдан 1447 жылға дейін Ұлықбек ешқандай соғыс қимылдарын жүргізген жоқ, керісінше 1428 жылы ол елінде мемлекеттің экономикасына қолайлы ықпалын тигізген маңызды ақша реформасын өткізді.
Хорасан жорығында жеңіліске ұшырағаннан кейін 1447 жылы Ұлықбекпен және оның үлкен ұлы Абдуллатифтің арасында соғысқа дейін ұласқан жанжал басталды. Бұл соғыс Ұлықбектің жеңілісімен аяқталды. Көп ұзамай сонаң соң Ұлықбек сатқындық әрекетінде өлтірілді.
Оның атақты шәкірті, самарқанд астрономы ?л-Кәши Ұлықбектің өлімінен кейін Стамбұлға қашып сол жерде ?йя-София медресесінің профессоры болып атанды.
Ұлықбектің обсерваториясы біртіндеп қирай бастады және XVII ғасырда соңында кірпітерге таратылды. Тек қана В.Л. Вяткин орыс архелогының арқасында 1908 – 1914 жылдардың арасында обсерваторияның қалған орны табылып, оның алғашқы қазба жұмыстары жүргізілді.
Неміс астрономы және ай картасының құрастырушысы ?оганн Генрих фон Медлер 1830 жылы оның ай картасына түсірілген Ұлықбектің атымен ай кратерін атады.
Ұлыбританияның кітапханаларында сақталған 8 колжазбаның зерттеуінде негізделген Ұлықбектің жұлдыз каталогының ең нақты анализі 1917 жылы АҚШта Э.Б. Ноблмен
«Ulugh Beg’s Catalogue of Stars. Revised from all Persian Manuscripts Existing in Great Britain» атауымен жарияланды.
Қазіргі кезде Ұлықбектің кейбір жеке заттары сақталған, бірақ та олар жеке коллекция ретінде және әлемнің мұражайларының қолында. Мысалға, оның жеке сандығы қазір Стамбұлдың Топқапы мұражайында сақталған. Ұлықбектің нефриттен жасалған тостағаны Британ мұражайының коллекциясында. Ұлықбектің тәжінде болған лағыл тасы қазірігі кезде Ас-Сабах араб шайқының жеке коллекциясында.
http://hamrohonim.net/mirzo-ulugbek сайтының мәліметтері бойынша