Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon
Жаңалықтар » C. Луганский атындағы көше

C. Луганский атындағы көше

 
C. Луганский атындағы көше Сергей Данилович Луганскийдің атымен Достық даңғылынан батысқа қарай орналасқан Алматы қаласының көшелерінің бірі аталған.

Сергей Данилович Луганский (1918—1977)

270-ші жойғыш авиация полкісінің эскадриль командирі (203-ші жойғыш авиация дивизиясы, 1-ші шабуылшы авиация корпусы, 5-ші әуе армиясы, Дала майданы), Кеңес Одағының екі мәрте Батыры.

Сергей Луганский 1918 жылы 1 қазанда Верный қаласында диқандар семьясында өмірге келді.

1936 жылы толымсыз орта мектепті бітіріп, бақшы болып жұмыс істей бастады. Сол жылы Қызыл Армиясына шақырылып, комсомолдық жолдама бойынша Орынбордың әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне жіберілді, оны бітіргеннен кейін 1938 жылы ол Псковтың 14-ші авиациалық тобында қызмет етті.

1939-1940 жылдары кіші лейтенант Луганский, кеңестік – финдік соғысына қатысып, жауынгерлік тапсырмамен 59 рет аспанға көтеріліп 1 жаудың ұшағын атып түсірді, сол үшін Қызыл жұлдыз орденімен марапаттандырылды.

Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңдерінде Сергей Луганский жаудың әскеріне шабуыл жасау үшін ЛаГГ-3 атты ұшақта ұшты, сол кезде Батай мен Дондағы Ростовтың жаңында 4 ұшақты атып түсірді, сол үшін ол Қызыл Жалау орденімен марапаттандырылды және де Белгородтың қасында 4 ұшақты атып түсіргені үшін тағы бір Қызыл Жалау орденін алды.

1942 жылы 14 қыркүйекте Луганский капитаны ЛаГГ-3 пен сегіздік тура шабуылын жаудың күші асып түсетітіне қарамай 13-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы үшін Волга өзенінен өткелді қорғай қарсы бастады. Ол МЕ-109-шы тобының бастаушысымен жақындасуға шықты. Неміс соқтығыстан құтылғысы келді, бірақ Луганский бұраманың соқтығысымен «мессершмиттің» стабилизаторын жұлып жіберді, сосын жаудың ұшағы тепе-теңдігін жоғалтып жерге қарай кетті. Содан соң Луганский капитаны Харьковтің маңында Курск доғасында ЯК-1Б ұшағына ауысты.

Кейбір дерекнамаларда Луганскийдің шайқастарының бірінде тұтқынға түсірілген Отто Фённекольд атты неміс шебер ұшқышы атып түсірілді. Бірақ бұл дерек шындыққа лайықты емес, өйткені Фённекольд американдық жойғыштарымен ұрысы кезінде 1944 жылы қаза тапты.

1943 жылдың 2 қыркүйегінде, 221 рет аспанға көтерілгені үшін, жекеше 18 рет және 1 рет топта жаудың ұшақтарын атып түсіргені үшін Луганский Сергей Данилович капитанына Ленин орденімен және (№ 1493) «Алтын Жұлдыз» медалімен бірге Кеңес Одағының Батыры деген атақ берілді.

Шайқастарының бірінде Луганский атақты ұшқыш Талғат Бегелдиновтың ?л-2 ұшағына жаудың жойғыш ұшақтарымен жасалған шабуылына тойтарыс берді.

1943 жылдың 27 қыркүйегінде Мишурин Рог селосының (Кировоградская облысы) жанында дала майданының әскерлерімен Днепрден жедел өту кезінде эскадрильяны бастаған Сергей Луганский кеңес штурмовиктерін тасалады.Оның эскадрильясы өзеннің өткелінде Ме-109 тасалындағы Ju-88 және He-111 тобын кездестіріп шайқасқа түсті. «Юнкерлердің» шабуылына тойтарыс берілді, әйткенмен өткелге қарай «хейнкелдер» шықты. Луганский жау қолбасшысына ұшағының шабуыл жасады және ұшақтың қалағымен оның биіктік меңгерігін жұлып әкетті, анау болса тепе теңдігін жоғалтып жерге құлады. Луганский бұзылған ұшағымен өзінің аэродромына аман-есен қонды.

1944 жылы ол авиаполкінің командирі болып тағайындалды. 1944 жылдың 1 шілдесінде Луганский майорі екінші (№ 1981) «Алтын Жұлдыз» медалімен марапатталды. Румынияда, Одердің үстімен Алма-Аты комсомолдарының «сыйлақ-ұшағында» ұшып өтті. Шайқас жолын Берлинде аяқтады. Соғыстың соңына қарай жауынгерлік тапсырмамен 390 рет аспанға көтерілді, жаудың ұшағын жеке 37 рет және 6 рет топта атып түсірді.

1949 жылы сергей Луганский ?скери-әуе академиясында оқуды бітірді, содан кейін ?ШҚ әскерлерінде командалық лауазымында қызмет етті. 1964 жылы авиацияның генерал-майор лауазымында запасқа жіберілді. «?уедегі айқас», «Аспан әрдайым ашық болсын» атты кітаптар жазды.

1977 жылы 16 қаңтарда өмірден өтті. Алматыда жерленді.

Марапаттары:
• Кеңес Одағы Батырының екі «Алтын Жұлдыз» медалі
• Леннинің екі ордені
• Екі Қызыл жалау ордені
• Александр Невскидің ордені
• Екі Қызыл Жұлдыз ордені
• Медальдар, соның ішінде «Ерліктері үшін»
 
Жарияланымда: 6 Маусым 2014 | Көрсетiлiм: 1519
Бөлісу Google +Бөлісу TwitterБөлісу FacebookБөлісу ОдноклассникиБөлісу Мой МирБөлісу ВКонтакте