Жаңалықтар » «?лемдіктерді» іздеу жалғасуда |
|
20 Маусым 2011 | Көрсетiлiм: 1412 Шығыс-Қазақстан облысына «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасын дамытуға бағытталған іс-сапардан «Сәби» Қайырымдылық Қоры өкілінің оралуына 2 апта толмай жатып, енді міне Ақтөбе облысындағы талантты балалармен кездесуге тағы бір мүмкіншілік болды. |
Жаңалықтар » Зыряновтың дарынды балаларына бағытталған іс-сапар! |
|
3 Маусым 2011 | Көрсетiлiм: 100 Күнбе-күн бiз еліміздің әр аймақтарынан, «?лем» дарынды жастарға қолдау көрсету бағдарламасы бойынша Грантты иеленуге үміттенген ізденушілерден көптеген хаттар және пікірлер түсіп отыр. Қабылданған сұраныстардың арасында Зырянов қаласындағы мектеп-лицейдің оқушылары үлкен белсендiлiктi танытып отыр, осыған байланысты, балалармен жақынырақ танысу үшiн Қордың басшылығы Шығыс-Қазақстан облысына iс-сапармен «Сәби» қызметкерін жiберуге шешiм қабылдады. Балаларды қорғау күнінiң қарсаңында, мектеп-лицейдiң әкiмшiлiгің қатысуымен болған кездесуде грант алушылармен сұхбат жүргізіліп, жаңа талапкерлерден сауалнамалар толтырылды. Іс-сапардың басты мақсаты – «?лем» бағдарламасын ары қарай дәріптеу мен дамыту, - орындалды деп есептейміз, өйткені «Сәби» Қорының Грант иегерлерінің арасына Зыряновтың бiрнеше түлектерінің қосылуы, басқа қалалар мен ауылдарда тұратын жас дарындарға қосымша шабыт беретіні сөзсіз. Жобаға қатысып, үміткерлер санының тізіміне қосылу үшін, алдымен www.alemsaby.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру керегін еске саламыз. |
Жаңалықтар » Ноутбук – бүкіл әлеммен байланыс |
|
3 Мамыр 2011 | Көрсетiлiм: 161 «Сәби» Қайырылымдық қорының дарынды жастарды қолдауға бағытталған «?лем» бағдарламасына Семей қаласынан 14 жасар, ауыр науқасты, 2-ші топтың мүгедегі, бірақ өте екпінді және қайсарлы ?нуар атты бала хабарласты. ?нуар сурет салу мен мүсін жасаумен әуестенеді, ал сүйікті пәндері – математика мен физика болып табылады. Жасаған жұмыстарының нәтижелері өте жақсы. Өкінішке орай, ауыр сырқатының салдарынан, жас бала үйінде отырып білім алуына мәжбүр болды. Алайда ол, бүкіл әлеммен қатынасып, жаңа достар тауып, олармен өз өнерімен бөліскісі келеді. «?лем» бағдарламасы бойынша, жас талапкердің кандидатурасы сарапшылармен қарастылырылып, Қор атынан Грантты иелене алмай қалды. Дегенмен, балаға мейірімі үстем болған, Қор басшылығы өз тарапынан оның ынтасын көтермелеп, интернет арқылы әлемдегі миллиондаған қолданушылармен хабарласып тұруына мүмкіндік беретін Apple ноутбугын сыйға тартты. |
Жаңалықтар » Чернобыль ардагерлерінен естелік медаль |
|
25 Сәуір 2011 | Көрсетiлiм: 126 Осы жылдың көктемінде бүкіл әлем 1986 жылы 26 сәуірде болған Чернобыль алапатын еске алып отыр. Біздің еліміздің өкілеттері апаттың салдарын жоюға аса ерлікпен қатысып, денсаулықтарынан, ал көптегендері өмірінен де айрылды. Жыл сайын аман қалғандардың қатары сиреуіне қарамастан, Чернобыль ардагарлері тізе бүккен емес. Қиын азаптарды кешіп, оларды жеңе тұра, осы күнге дейін еліміздің болашағы мен ұрпақтары үшін аса қайсарлықпен еңбек етуде. Чернобыль АЭС апатының 25 жылдығына орай, қайырылымдық саласында қызмет еткені үшін «Сәби» Қорының Президенті Тасмағамбетова ?сел ?манғалиқызына, Чернобыль және Жергілікті соғыстардың Ардагерлері Одағының атынан тапсырылған естелік медалі, бізді осындай нағыз ер азаматтарымыздың қошеметіне бөлеп отыр. Біздің марапаттарымыз |
Жаңалықтар » «Сәби» қоры айтулы награданы иеленді |
|
15 Сәуір 2011 | Көрсетiлiм: 161 Еуропалық Бизнес Ассамблеясының ұйымдастыруымен наурыз айының басында Лондонда өткен «2011 Энергетикалық Саммиті» біздің Қор үшін айрықша оқиға болды. Саммит жұмысының ажырамас бөлігі болып табылатын жыл сайынғы Халықаралық Сократ Сыйлығын табыстау рәсімінде «Сәби» қайырымдылық қорына Ханшайым Викторияның («Queen Victoria Commemorative Medal») құрметті наградасы берілді, бұл - «Сәби» қорының асыл қазынасынан ерекше орын алған адалдық, адамгершілік құндылығы мен қажыр-қайрат үшін берілетін эксклюзивті ағылшын сыйлығы. «Ханшайым Виктория атындағы награда біз үшін, сөз жоқ, үлкен жетістік болды, өйткені халықаралық деңгейдегі тану ұйымның жұмысындағы жаңа кезеңнің басталуын атап көрсетеді», - деп марапаттау туралы түсінік береді Қор Президенті Тасмағамбетова А. ?. Біз филантропия саласындағы қызметімізге жоғары баға бергені үшін Еуропалық Бизнес Ассамблеясына зор алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта әлеуметтік әл-ауқат пен қазіргі заманғы қоғамды ізгіліктендіру идеяларын ынта-құлшыныспен алға жетелейтін боламыз. Біздің марапаттарымыз |