Жаңалықтар » «?лемдікке» арналған синтезатор |
|
1 Сәуір 2011 | Көрсетiлiм: 185 ![]() Енді Жасұланға өзге көптеген студенттер сияқты ертеңгісін аспапқа кезекке тұрудың қажет жоқ - оның оқып жүрген уақыт бойы өзінің шығармашылық дарынын дамытуға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндігі болады. «Сәби» қорының тек біржолғы қаржылық төлемдермен ғана шектеліп қалмай «әлемдіктерге» кешенді жан-жақты көмек көрсетіп отыратыны айтуға тұрарлық жағдай. |

Жаңалықтар » «?лем» бағдарламасы туралы Қазақстанның шалғай ауылдарындағы тұрғындар біле бастады |
|
10 Ақпан 2011 | Көрсетiлiм: 1530 ![]() Ауылды жерлерде дарынды жастардың көптігі ерекше қуантады, себебі «?лем» бағдарламасы ең алдымен осындай жастарға арналған емес пе. Жұмыстың алғашқы нәтижелері де байқала бастады. Жоба шеңберінде «Сәби» қорынан жәрдем алатын конкурсанттардың түйіндемелері жақын арада www.alemsaby.kz сайтында жарияланатын болады. Жаңалықтарымыздан қол үзбеңіз! |

Жаңалықтар » «?лем» бағдарламасының қатысушысы Астанада ?кімнің жаңа жыл алдындағы Балында өнер көрсетті |
|
12 Қаңтар 2011 | Көрсетiлiм: 1695 ![]() Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында өткізілген Астана әкімінің Балында концерттік бағдарламамен өнер көрсету Қостанайдан келген вокалист Жасұлан Сыдықов үшін үлкен жетістік болды. Жас өнерпаздың дарындылығы өткен жылы «Сәби» қоқамдық қоры тарапынан қолдау тапқан болатын». Балғын дарын иесінің осыншалық маңызды мәдени оқиғаға қатысуын ұйымдастырып, оған ?лібек Дінішев, Нұрлан Абдуллин, Батырхан Шөкенов секілді жұлдыздармен, қазақстандық эстраданың басқа да көрнекті әртістерімен бірге бір сахнада өнер көрсетуге теңдессіз мүмкіндік бере отырып, біздің Қор күнделікті күйбең жұмыста барынша зор күш-жігер жұмсау арқылы Жасұланға талпыныс жасауды қажет ететін биік асуларды көрсету мақсатын алдына қойды. |

Жаңалықтар » «Сәби» сізді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! |
|
29 Желтоқсан 2010 | Көрсетiлiм: 1647 ![]() «Сәби» Қайырымдылық Қоры сізді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтайды! Келе жатқан жыл сіз үшін қайырымды істердің кезеңіне айналып, сізге сәттілік, қуаныш, жеңістер әкеліп, сіздің ең сиқырлы арман-тілектеріңізді орындасын. Сіздің жаныңызда әрдайым адал достар мен сенімді серіктестер болып, ал сіз бен жақындарыңыздың бойынан жайлылық пен жылылық сезімі қайда жүрсе да кетпесін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, бақыт және махаббат тілейміз! |

Жаңалықтар » Жас талант «?лем» бағдарламасы бойынша консерваторияда оқитын болады |
|
4 Қараша 2010 | Көрсетiлiм: 1603 Өзі жайлы біз бұрында жазып жүрген «?лем» бағдарламасының қатысушысы Жасұлан СыдықовҚұрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында вокал және дирижирлеу факультетінің вокалдық өнер кафедрасының меңгерушісі, сондай-ақ Қазақ ұлттық консерваториясының өзге ұстаздарының алдында өнер көрсетіп, олар жас әншінің дауысына жақсы баға берді. Жасұланның арманы орындалды – 2010 жылдың 1 қарашасынан бастап Қостанай қаласынан келген вокалист Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының даярлық курсына қабылданды. |
