Жаңалықтар, Ұлылардың дана сөздері » Альберт Эйнштейннің 10 ақылды ой-пікірлері |
|
12 Сәуір 2013 | Көрсетiлiм: 1543 Бүгін біз қызықты тұлғаны еске алғымыз келеді, теориялық физиканың негізін қалаушысының бірі, 1921 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты, Альберт Эйнштейн (1879-1955) . ?рине, көбісінің көз алдына, тілін шығарған фотосуреті келген шығар - Альберт атамыздың мысқыл сезімі орасан зор болған: Бір күні Энштейн Принстон дәлізімен келе жатып, ал қарсы алдынан – тәжірибесі жеткіліксіз, жас физик шықты. Сол кезде ол Эйнштейнмен теңесе, оның иығынан дөрекілеу тарсылдатып, қолдай сұрады: - Ал, қал-жағдайын қалай әріптес? - ?ріптес? – таң қала Эйнштейн қайтадан сұрады. – Қалайша,сонда сізде ревматизіммен ауырасызба? (http://www.albert-einstein.ru/facts/) Барлығы ұлы ғалым Эйнштейнді біледі, бірақ оның көз жеткіссіз пацифист болғанын және өмір, адам және адамзат туралы көп ойланатын, философ болғанын, барлығы білмес. Ал енді, бірге оның он ақылды ой-пікірлеріне ойланып көрейік. Ондаған жылдардан ауысқан ой-пікірлері, қазіргі кезде маңызды да және талапқа сай болып келеді. |
Жаңалықтар, «Әлемдіктер» күнделігі » Айкөркем Бағытова, 18 жас |
|
3 Сәуір 2013 | Көрсетiлiм: 1411 Өмір - ол әр түрлі белестерден тұратын ұзақ жол. Адам- оның жолаушысы. Ал,бақыт сол жолаушыларға берілген әр түрлі мүмкіндік. «Өмірдің алды – ыстық, арты – суық, алды – ойын, арт жағы мұңға жуық» - деген екен Абай атамыз. Сол секілді өмірде сан алуан жағдайлар болып жатады. Міне, сондай кезеңді менде басымнан кешкен болатынмын. Бар арманым көкке ұшқандай болды. Өзімді ешкімге керексіздей сезіндім. «Енді не істесем болады? Болашағым не болмақ?» деген сұрақтар жадымнан кетпей қойды. Содан ойлана келе «Сәби» Қорына хат жазуды ұйғармақ болдым. Қордың жұмыскерлері менің бұл грантқа өткенімді хабарлағанында қуанышым қойныма сыймады. Сол кезден бастап өмірім өзгергендей болды. Менің қуанышыма ортақтасып қуанғандар да болды,бірақ қоштамағандары да аз болған жоқ. Содан «Сәби» Қорының арқасында өзім армандаған қаламда,өзім қалаған мамандығыма оқуға түстім. Қазірде Ел ордасы Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 1-курста оқып жатырмын. ?р түрлі іс-шараларға қатысып тұрамын. Қазақстан тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен болған 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілген танымдық-шығармашылық іс-шараға қатысып, университет қабырғасындағы алғашқы «Мадақтама» мақтау қағазымен марапатталдым. |
Ұлылардың дана сөздері » Абай сөзі |
|
26 Наурыз 2013 | Көрсетiлiм: 1788 Абай Құнанбаев (1845 – 1904 жж.) – ұлы қазақ ағартушысы, ақын, классик және композитор. Қазақ әдеби тілінің құрылуына, Абай үлкен үлесін қосты және артынан өшпестей, көркемдік мұра қалдырған. «Қара сөздерінде» философ, адам және адам баласы туралы, әлемнің күрделi қарама-қайшылығы туралы, ғылым мен білім туралы, халқымыздың тарихы және салт-дәстүр туралы ойланады. Сол жұмысының кейбір үзінділерін жариялаймыз. Абай сөздері өткір және қазіргі заманға сай келеді |
Жаңалықтар » Наурыз мейрамымен, Құрметті Қазақстандықтар! |
|
20 Наурыз 2013 | Көрсетiлiм: 219 Ақыры ұзақ күткен көктем келді! Күн сайын, табиғат қысқы ұйқыдан, біртіндеп көзін аша бастады. Осы ғажайып мезгілде, ауа да біртүрлі, ерекше шуылдайды, күн жарқырап, керемет көктем көңіл күйін бізге сыйлай отырып, жасылға боялған табиғат көрінісі көзді қуантады. Ұлтқа қарамай, Казахстанда Наурыз мейрамын бәрі тойлайды. Осындай күнде бір-бірін құттықтап, қонаққа барып, ұлттық тағамдармен және міндетті түрде Наурыз көжемен дастархан жайады. Мемлекетіміздің барлық қалаларында мерекелiк шаралар мен халық серуендері өткізіледі. «Сәби Қайырымдылық Қоры» қазақстан халқын, осы көктем мейрамымен құттықтайды! Зор денсаулық, мол дастархан, отбасыларыңа бақыт және сіздерге әрқашан сәттілік ілесіп жүрсін! |
Жаңалықтар » ІІІ ақындар мүшайрасына тапсырыс беруге әлі уақыт бар! |
|
18 Наурыз 2013 | Көрсетiлiм: 186 Үшінші ақындар сайысына қатысуға тапсырыс жіберуге әлі де бір жарым ай көлемінде уақыт бар. Өлеңдерді 2013 жылдың 1 мамырына дейін alem@saby.kz электронды мекен-жайға жіберуіңізге болады. Бас сарапшы ретінде - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Сұлтан Қалиұлы тағайындалды. Сайыстың талаптары мен ережелерімен осы жерден танысуға болады. Бірінші және екінші байқаудың нәтижелері бойынша қатысушылардың ішіндегі ең қабілетті де дарынды жас ақындардың шығармалары енген өлеңдер жинағы шыққан болатын. («Өткенімнен басталды бугінім») Кітаптар лауреаттар оқыған мектептеріне және аудандық білім бөлімдеріне таратылған болатын. Сөз өнерінің жеңімпаздары басты сыйлық – ноутбукты ғана иеленіп қоймай, «Сәби» Қорының «?лем» Бағдарламасы бойынша еліміздің ең үздік жоғарғы оқу орындарына Грант ұтып алған болатын. Қатыс та, ұтып ал! |