Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Жаңа 2013 Жыл құтты болсын!

28 Желтоқсан 2012 | Көрсетiлiм: 0
Жаңа 2013 Жыл құтты болсын!
Достар! Жаңа жылмен құттықтаймыз!
?гі істер жақсылық жасайтын және оны алатын адамдарға қуаныш әкелетіні байқалған. Ендеше, жаңа жылда бір-бірімізге бұдан да көп игі істер тілейік. Өткен жылдың қуанышты сәттері сізбен бірге болсын, ал жаман сәттер артта қалсын. Достарыңыз бен жақын адамдарыңыз жаңа жыл түнінде жаныңызда болсын, жаңа жылды қалай қарсы алсаң, солай өткізерсің деп бекер айтылмаған.
Шын ниетпен сүйіспеншілік, бақыт, амандық пен ең бастысы, денсаулық тілейміз!

Сіздің «Сәби» қорыңыз



Жаңалықтар » Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

14 Желтоқсан 2012 | Көрсетiлiм: 55
Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік – бұл бостандық, күш, молшылық және рухани байлық.

Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығын әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі. Ауызбіршілігімізді сақтап, халқымыздың ырысын және гүлденіп өсуін, сыйласуы мен түсінісуін, әрқашанда рухтарымыздың биік болып, салт-дәстірімізді әрқашан бағалап жүрсек, алда көптеген жаңа табыстарға жетеміз.

Барша қазақстандықтарға тілейтініміз зор-денсаулық, сәттілік, туған-жақындарыныздың жылу сезімі әрқашан қуаныштар сыйлай берсін!



Жаңалықтар » «Алем» Бағдарламасының бірінші халықаралық гранты

12 Желтоқсан 2012 | Көрсетiлiм: 1105
«Алем» Бағдарламасының бірінші халықаралық гранты Нью – Йорк... Бұл қаланың атын естігенде ойларыңа не келеді? ?рине, шексіз мүмкіншілік!

18 жасар бозбаланың атақты Нью-Йорк киноакадемиясында оқитынын білгендегі ішкі сезімін көз алдарыңа елестету қиын емес! Медет Шаяхметов «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасының аясында «Саби» қорының халықаралақ грантының иегері болды. Жаңа жылдан бастап Медет оқуын «Кино режиссері» мамандығы бойынша үш жылдық бағдарламамен Академияда жалғастырады.

Белгілі киномектеп қазіргі заманға сай, атақты оқытушылардың оқу методикасын үйренуге, атағы дүниежүзіне тараған әртістермен мастер класс жүргізіп, сынақ мерзімінде профессионалды жабдықтарды қолданып, ерекше тәжірибе және тереңдей білім алуға ұсынады. Бүгінгі кезде көптеген голливудтық режиссерлармен мен әртістер өз балаларына осы атақты оқу орнын таңдайды, солардың қатарында Стивен Спилберг, Питер Богданович, Ал Пачино, Джимми Фокс, Джоди Фостер, кіші Роберт Дауни, Стивен Фрис и Джордж Ромео, Сьюзан Сарандон и Тим Робинсон, Кевин Кляйн, Пирс Броснан, және т.б.



Жаңалықтар » Дарындылар үшін «?лем» Бағдарламасы ашық

7 Қараша 2012 | Көрсетiлiм: 1180
Дарындылар үшін «?лем» Бағдарламасы ашық «?лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының жаңа қатысушысы - Рудный қаласының тұрғыны Азамат Мәлішов «әнші әлемдіктердің» қатарын толтырды.

Екі жыл бұрын Азамат Қостанай мемлекеттік университетін бітіре сала, айналадағылар үшін тосын, бірақ өзі үшін аяулы және тағдыршешті таңдау жасады: ол Алматыдағы Консерваторияға вокалды бөлімге түсуге, сосын кейіннен әнші болуға шешім қабылдады. Алдымен даярлау курстарын өтіп жүрген кезде оның талпынысы одан ары нығая түсе, кіріс емтиханда 85 ұпай жинаған кезде бюджеттік бөлімге ілініп кетуіне сенім арта бастады. Алайда 2011 жылы күшіне енген оқу туралы заң бойынша жоғары білімі бар студенттерге мемлекеттік гранттын бөлінбейді деген шарттары арманға қол жеткізуге үмітін үзе жаздады. Мәлішовтер жанұясының қаржылай жағдайы 4000 АҚШ доллар шамасында оқу ақысын төлеуге мұрша бермеді.



Жаңалықтар » Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды

18 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 1159
Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды Жылдан жылға «Сәби» қорының қызмет саласы кеңейіп келеді, халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында жасап шығарылған жобалар ауқымдырақ бола бастады. Бірақ жоспарларымыз зор болғанмен, оларды тек немқұрайлы емес адамдардың қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Біз, еңбегімізді жоғары бағалап, өзге ұйымдар арасынан «Сәби» қорын таңдаған және қаражаттарын аямай қол ұшын ұсынып сенім білдірген, барлық филантроптар, компаниялар мен жеке тұлғаларға шын жүректен ризалық білдіреміз! Айналадағы өмірдің ырғағына және күнделікті жұмыс кертартпалығына қарамастан, сіздердің жүректеріңіз мейірімділік пен қамқорлыққа толы, сіз шынымен мұқтаждарға өзіңіздің бір бөлшегіңізді сыйлайсыз.

Қазіргі дүниедегі уақыт тапшылығы – үлкен проблема. Кей жағдайда ол мезеттік қызметтер мен сервистердің ұсынылуымен толымдалады. Енді қайырымдылық салымы да, ұялы байланысқа жүзеге асырылатын төлем сияқты жеңіл және мезеттік болмақ. Кез келген сауда үйінде, дүкендерде, жанармай құю станцияларында және аялдама кешендерінде «QIWI» төлем терминалдарын таба аласыз, ондағы «Қайырымдылық» интерфейсі арқылы біздің сары тұмарды басып, «Сәби» қорының есепшотына қаражат енгізе аласыз.