Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жалпы ақпарат » «?лемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар!

21 Қараша 2012 | Көрсетiлiм: 1244
 «?лемдіктердің» картотекасына назар аударыңыздар! Екі жыл бұрын «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасын бастаған сәтте біз www.alemsaby.kz сайтында «әлемдіктердің» жеке мәліметтерін көрсететін картотеканы да қосқан болатынбыз. Бұл жерде ең үздік деген қатысушылардың түйіндемелерін табуға болады.

«?лем» базасы қабілетті жастар мен олардың жетістіктеріне қызығушылық танытқан потенциалды жұмыс берушілер, продюссерлер және инвесторлармен ақпарат алмасу және қарым-қатынасты оңалтатын интерактивті кеңістік болып табылады. Портал 5 бөлімнен тұрады: «Үлкен сахна», «Бейнені түсіру», «Жас мамандар», «Талапты ақылдар» және «Дене шынықтыру», осылардың ішінде өтініш берушілердің жеке парақтарында өздерінің дарындарын, икемдіктерін, тәжірибелерін және де басқа да мәліметтерін жариялауға мүмкіндігі бар.



Жаңалықтар » Дарындылар үшін «?лем» Бағдарламасы ашық

7 Қараша 2012 | Көрсетiлiм: 1182
Дарындылар үшін «?лем» Бағдарламасы ашық «?лем» дарынды жастарды қолдау бағдарламасының жаңа қатысушысы - Рудный қаласының тұрғыны Азамат Мәлішов «әнші әлемдіктердің» қатарын толтырды.

Екі жыл бұрын Азамат Қостанай мемлекеттік университетін бітіре сала, айналадағылар үшін тосын, бірақ өзі үшін аяулы және тағдыршешті таңдау жасады: ол Алматыдағы Консерваторияға вокалды бөлімге түсуге, сосын кейіннен әнші болуға шешім қабылдады. Алдымен даярлау курстарын өтіп жүрген кезде оның талпынысы одан ары нығая түсе, кіріс емтиханда 85 ұпай жинаған кезде бюджеттік бөлімге ілініп кетуіне сенім арта бастады. Алайда 2011 жылы күшіне енген оқу туралы заң бойынша жоғары білімі бар студенттерге мемлекеттік гранттын бөлінбейді деген шарттары арманға қол жеткізуге үмітін үзе жаздады. Мәлішовтер жанұясының қаржылай жағдайы 4000 АҚШ доллар шамасында оқу ақысын төлеуге мұрша бермеді.



Жалпы ақпарат » Nomad's Way - Көшпендінің жолы.

23 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 1332
Nomad's Way - Көшпендінің жолы. «Өз рухын қолға алған адам, қалаларды жаулап алған адамнан мықты болады» деп, кезінде Эрнест Хемингуэй айтып кеткен.

Бізде 2012 жылдың қазақстандық қана емес, қазақстандық-американдық басты оқиғасына айналған шараны жар салып, сүйінші сұрауға талпыныс болған еді. ?йтенмен де, «Сәби» Қайырымдылық Қорының негізін қалаушы және Президенті болып табылатын ?сел ?манғалиқызы Тасмағамбетова алдымен нәтижені көріп болғаннан кейін қорытындылар туралы мәлім етеді.

2012 жылдың 13-ші және 17-ші ақпанның аралығында болған Нью-Йорк қаласында Nomad’s way атты әлеуметтік-мәдени шараның басты идеяны салушысы, ұйымдастырушысы және демеушысы болған «Сәби» Қорының бүгінгі күнде үміті ақталып, абыройы іске асырылды.

Nomad s Way - Көшпендінің жолы
2012 жылдың Олимпиадасында еліміздің толағайларының арқасында бүкіләлемдік ғаламторды «Қазақстан» деген ізденіс сөзі толтырып жіберді. Батыс елдерінде бідің елімізді қыр-сырынан білмей, тек алып көлемді, пайдалы қазбаларға толы территория ретінде ғана таниды. Алайда осы айтылған байлықтар мен табиғатымызда басқа бізде мақтануға тұрарлық жайттармен әлемді таңғалдыруға шамамыз бар екені анық. Біздің ел бірегей. Егемендімізді алғанымызға 20 жыл толса да, ата-бабамымыздың өнері ғасырдан ғасырға сақталып қазіргі кезге де жетті. Ұлттық этностың жан-жақтарын шет ел азаматтарын айтпай ақ, әрбір қазақстандық да біле бермейді.

«Сәби» Қоры өз алдына Қазақстанның тарихи құндылықтарын және өзгешелігін бүкіл әлемге паш етуді мақсат қылып қойып, әр түрлі елдер мен ұлттар араласқанын Шығыс пен Батыстың шоғырланған аумағын еліміздің үлгісі ретінде көрсетті.



Жаңалықтар » Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды

18 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 1161
Қол ұшын бергеннің қалтасы жұқармайды Жылдан жылға «Сәби» қорының қызмет саласы кеңейіп келеді, халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында жасап шығарылған жобалар ауқымдырақ бола бастады. Бірақ жоспарларымыз зор болғанмен, оларды тек немқұрайлы емес адамдардың қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Біз, еңбегімізді жоғары бағалап, өзге ұйымдар арасынан «Сәби» қорын таңдаған және қаражаттарын аямай қол ұшын ұсынып сенім білдірген, барлық филантроптар, компаниялар мен жеке тұлғаларға шын жүректен ризалық білдіреміз! Айналадағы өмірдің ырғағына және күнделікті жұмыс кертартпалығына қарамастан, сіздердің жүректеріңіз мейірімділік пен қамқорлыққа толы, сіз шынымен мұқтаждарға өзіңіздің бір бөлшегіңізді сыйлайсыз.

Қазіргі дүниедегі уақыт тапшылығы – үлкен проблема. Кей жағдайда ол мезеттік қызметтер мен сервистердің ұсынылуымен толымдалады. Енді қайырымдылық салымы да, ұялы байланысқа жүзеге асырылатын төлем сияқты жеңіл және мезеттік болмақ. Кез келген сауда үйінде, дүкендерде, жанармай құю станцияларында және аялдама кешендерінде «QIWI» төлем терминалдарын таба аласыз, ондағы «Қайырымдылық» интерфейсі арқылы біздің сары тұмарды басып, «Сәби» қорының есепшотына қаражат енгізе аласыз.



Біздің видеобейне » «?лемдік» - «Социум» бағдарламасының кейіпкері

12 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 1264
«?лемдік» - «Социум» бағдарламасының кейіпкері 05 қазан күні 24KZ тәуліктік жаңалықтар арнасында «Апорт» телекомпаниясының шығармашылық тобының жобасы болып табылатын, «Социум» бағдарламасында, күнделікті бес минуттық форматта, күні бойы «Сәби» қоры туралы ролик трансляцияланған болатын.

Бас кейіпкері болып біздің «әлемдік» - Медет Шаяхметов сөз сөйледі, сұхбатында Қор туралы, өзі туралы және «?лем» атты бағдарламамыздың аясында болашаққа бірлескен жоспарларымыз туралы әңгімеледі.