Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Болашақтағы жеңіске сеніммен

2 Тамыз 2012 | Көрсетiлiм: 1231
Болашақтағы жеңіске сеніммен Қазақстанның барлық шалғай аудандарында «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасын үгіттеп жүргенімізге екі жылдан асты. Қабілетті балаларды іздеп жүрген кезде біз спортпен шұғылданған жас балғындарға көп көңіл бөлеміз. «Сәби» Қайырымдылық Қорының «Спорт-Денсаулық-Жетістіктер» жобасы қоғамдық ұйымдардың тәрбиенушілерін спортқа баулып, олар үшін спорт және ойнау алаңдарын салып немесе жөндеу жұмыстарын ұйымдастырса, «?лем» Бағдарламасы болса әр атлеттің өзіндік талантын ары қарай дамыту үшін ат салысатынын мақсат етіп қоюда.

Аз уақыт бұрын біздің Қордың мекен-жайына Қазақстандағы каратэ-до Шотокан бүкіләлемдік федерациясының өкілінің біраз жетістіктерге жеткен жас жеткіншектердің 2012 жылдың қазан айының басында Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем Кубогына қатысуының шығындарын өтеп беру туралы өтініші келіп түсті.



Жаңалықтар, Біздің видеобейне » Балалар ақыны жас авторлар туралы өй бөліседі

30 Шілде 2012 | Көрсетiлiм: 1374
Балалар ақыны жас авторлар туралы өй бөліседі «?лем» жас дарындарды қолдау Бағдарламасының іріктеу комиссиясының мүшесі және ақындар сайысының сарапшысы, болып табылатын белгілі ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының хатшысы және Балалар әдебиеті Кеңесінің Төрағасы Сұлтан Қалиұлы «Сәби» Қорына сұхбат берді.



Жаңалықтар » Сәз әлі күдіктепін отырсызба? Жазыңыздар!

25 Шілде 2012 | Көрсетiлiм: 1310
Сәз әлі күдіктепін отырсызба? Жазыңыздар! Жуырда «?лем» бағдарламасы өзінің туған күнін атап өтті – іске қосылған күннен бастап 2 жыл. Бір жағынан, бүкіл Hеспубликаны қамтып жатқан, ауқымды жоба үшін, басқа жағынан, аралық нәтижелер туралы айта беруге болады.

Өткен шақта «Сәби» қорының мекен-жайына елдің 35 тұрғылықты жерінен 300 өтінім келіп түсті. Біздің ұйымның қызметкерлері әрбір өтінішті мұқият зерделеп, алғашқы іріктеуді жүргізіп жатыр. Ал сосын конкурсқа қатысушылардың тағдыры – ғылым, мәдениет, өнер, спорт және т.б. әртүрлі салаларындағы сарапшылар – сөзсіз кәсіпшілерден тұратын белсенді комиссияның қолында болады. Біз таланттарды қажет емес және өте жақсы емес деп бөлмейміз – дарынды бала маманның берген бағасын алып, Қордың лайықты қолдауын табады.

www.alemsaby.kz сайтына бірінші хат 2010 жылғы шілдеде Қостанайлық Жасұлан Сыдыковтан келіп түсті, ол «бірінші бала» бола отырып, әрине, ең күрделі пұрсаттылыққа ие болды. Біз оны өсіру үшін көп күш салдық, және жалған қарапайымдылықсыз, бірлескен нәтижелер туралы айтып бере аламыз. «?лемдік» қазақстандық шоудың үйреніп жүрген жұлдызы болып, жастар арасында көп табынушысы пайда болды.



Жаңалықтар » Ең мықты экшн-сценаристің есімі белгілі болды

5 Шілде 2012 | Көрсетiлiм: 1167
Ең мықты экшн-сценаристің есімі белгілі болды 1-3 шілде аралығында Астана күнінің қарсаңында өткен III ASTANA Халықаралық экшн-фильмдер фестивалі өз мәресіне жетті. Кино мерекесі өз алаңында көптеген әлемге әйгілі киноиндустрия майталмандарын, яғни актерлерді, режиссерлерді, мәдениет және өнер қайраткерлерін тағы да бір рет жинап алды.

Тимур Бекмамбетовтың жылдан жылға көптеген идеялар мен жоспарларды іске асыру арқылы Фестивальдің одан да қызықты да бірегей болады деген былтырғы берген серті орындалғандай болды. Қонақтардың ішінде: француз актері Венсан Кассель, әйгілі продюссерлер мен сценаристер Джим Лемли, Канг Дже Гю, Кевин Рейнольдс, белгілі ресейлік әртістер Владимир Меньшов, Елизавета Боярская, Галина Коньшина, Аркадий Укупник және «Z.Dance» тобы байқалды.

16 фильмнен тұратын кинобағдарламаның ішінде Тимур Бекмамбетовтың «Вампирлердің жауы: Президент Линкольн», Жюльен Леклерктің «Шабуыл», Марк Уэббтың «Жаңа Өрмекші-Адам» фильмдерінің тұсаукесерлері өтіп көптеген көрермендердің көңілінен шықты.

Кинофестиваль аясында өткен Сценарийлер сайысында «Сәби» Қайырылымдылық Қоры екінші рет ресми серіктестігі болды. 3 шілде күні салтанатты кеште жеңімпаздың есімі белгілі болды. Жеңіске жеткен бақытты адам болып Ұлыбританияның тұрғыны – Файзал Куреши танылды. Енді жас автор үшін Bazelevs кинокомпаниясымен бірігіп фильм тусіруге мүмкіндігі «қиялдар әлемінің» есігін аттағандай болды, және де оған қоса 10 000 доллардан тұратын қаржылай сыйлыққа ие болды.



Жаңалықтар » Ақындар сайысының нәтижесі

4 Шілде 2012 | Көрсетiлiм: 1549
Ақындар сайысының нәтижесі Жас дарындарды қолдау «?лем» Бағдарламасының аясында құрылған «Сәби» Қайырылымдылық Қорының ұйымдастырумен болған Екінші мемлекеттік тілде ақындар сайысының қорытындылары белгілі болды. Бақ таласқан барлық қатысушылар, үлкені-кішісі болсын, әр-түрлі жанрларда өздерінің Туған жеріне, Отанына, адамзатқа және жеке адамдарға деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Біз шығармашылық туындарға баға беру үшін, әдебиет жөнінде сарапшымыз - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлын шақырдық.

Жасампаздардың жарысының қорынтыдысы бойынша бір жеңімпаз танылды, ол Атырау облысының тұрыны, 17 жасар Ақжарқын Мутиева болып шықты. Біздің сарапшымыздың пікірі бойынша, бұл жас жеткіншектің бойында «болашақ зор үміт күттіретін ақындық қасиеттерін табуға болады» деген сенім бар. Жеңіске жеткен қызымыз бас жүлдеге – ноутбукқа ие болды.