Жалпы ақпарат » БҰТ-ге алдын ала дайындық |
|
3 Қазан 2012 | Көрсетiлiм: 137 ![]() «Сәби» Қайырымдылық Қоры өзінің Оқу жобасы бойынша Алматы қаласының БҰТ-ге мектеп бітірушілерін дайындайтын жетекші орталығымен міне қатарынан үшінші жыл бірге ынтымақтасып келе жатыр. Біздің қамқорымыздағы балалар үйлерінің түлектері Қордың есебінен қазан айынан бастап келесі жылдың мамырына дейін аптасына үш рет арнайы дайындық курстарын өтетін болады. Өткен кезеңдердің нәтижелері бізді қанағаттандырған болатын: бағдарламаны меңгерген оқушылар тестілеу кезінде жоғары баллдар алып, көбісі мемлекеттік грант бойынша ЖОО-на түсіп кетті. Осы жылы қосымша сабақтарға қатысушылардың саны ұлғайғаны бізді таңғалдырмады, тіптен үлкен қуанышқа бөледі. БҰТ – әрине, емтихан тапсырушыларға үлкен эмоциялық күйзеліске кенелтеніні анық, бірақ жайымен жоспарлы дайындықты өткізгеннен кейін жауапты мезетте өзіне деген сенімділік күшейіп, келесі жылдары жақсы оқуға кепіл береді. Біздің бұл ауқымды және ұзақ мерзімді жұмысымыздың көрсеткішін келесі жылдың тек маусым айында білетін боламыз, сол кезде сегіз ай бойы енбектің шынайы бағасы балалардың алған баллдарымен сәйкестікке тіреледі. |

Жаңалықтар, Анонстар » Жас ақындардың өлеңдер топтамасы жарық көрді |
|
21 Қыркүйек 2012 | Көрсетiлiм: 1794 ![]() Бүгін біздің көз алдымызда әлі баспахана бояуының иісі кетпеген, 2011 және 2012 жылдары «Саби» Қорымен ұйымдастырған ақындар сайыстарының қорытындыларын іріктеу барысында, іріктелген ең үздік шығармалардан тұратын жаңа басылым жатыр. ?дебиет жөнінде сарапшымыз - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Қали Сұлтан Қалиұлының арнайы ескеріп өткен 13 авторлардың өлеңдері бұл кітапшаға енгізілді. |

Жаңалықтар » Бетке ұстар «әлемдіктер»! |
|
13 Қыркүйек 2012 | Көрсетiлiм: 1541 ![]() Назарларыңызға өмірінің басында тұрған, бірақ болашағынан зор үміт күттіретін, әлі де әлемнің әр бұрышына әйгілі болатын режиссерді ұсынып отырмыз. Оның есімі - Медет Шаяхметов, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының 2 курс студенті, сегіз қырлы бір сырлы жігіттердің бірі, «нағыз дарынның барлық жаққа қабілеті бар екен» деген мәтелді толығымен ақтап отыр, жүрген жерінде өзінің энергиясымен және жақсы көзқарастарымен жарақтандырады. Медет – алуан түрлі қалалық, республикалық және халықаралық вокалды сайыстардың дипломанттары болған, скейтбордпен және битбокспен айналысады, граффити мәнерінде көптеген дизайнерлік жұмыстардың авторы, моушн-графикасымен айналысып, видеоклиптер мен бейнероликтерді түсіріп азын аулақ ақша тауып жүр. Бірақ өзінің өмірін бұл бозбала «монтаж режиссурасы» мамандығымен байлады, бүгінгі күнде оқудың ақысын «Сәби» Қоры өтеуде, және сонымен қатар оның шет елде тәлім алуы туралы мәселе де қарастырылып жатыр. Бетке ұстар «әлемдіктер»! |

Жаңалықтар » «?лем» Бағдарламасы екінші мүмкіндікті береді |
|
31 Тамыз 2012 | Көрсетiлiм: 1233 ![]() Бірде-екілі жетіспеген баллға бола Мемлекеттік грантқа қол жетізе алмаған 11 жыл қажырлы еңбек пен үлгерімнің зая кеткені өте өкінішті-ақ. Осындай жағдайларда келешегінен үміт күттіретін жастары, әсіресе әке-шешесінің табысы жеткіліксіз ауылдың қара домалақтарына екінші мүмкіндік беру өте қажет. «Сәби» Қорының «?лем» жас дарындарды қолдау бағдарламасы мектеп қабырғасында үздік көрсеткіштерді танытқан, бірақ тест тапсырған кезде кідіріп қалған балаларға «сиқырлы таяқтың» сермеуіндей көмек көрсетеді. Біздің Қор қабілетті бозбалалар мен бойжеткендердің қалаған оқу орындарында ақысын төлеп, армандарын өмірге келтіреді. Жас буынның сапалы білім алуы бүгінгі күнде Қазақстанның болашағы үшін маңызы орасан зор. |

Жаңалықтар » Конституция Күнімен құттықтаймыз! |
|
29 Тамыз 2012 | Көрсетiлiм: 96 ![]() Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдау Күніне орай біз ыстық ықыласпен құттықтаймыз! Бұл - еліміздің демократиялық заң шығарудың іргесін қалаушы, азаматтарға құқық негіздері мен бостандықдың кепілдігі болатын, жас мемлекетіміздің егемендігін бекіткен негізгі заңның құрылған мерекесі. Баршалыққа сәттілік пен гүлдену тілейміз! Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар! |
