Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Екінші балалар өлеңінен ақындар сайысы

4 Қаңтар 2012 | Көрсетiлiм: 2024
Екінші балалар өлеңінен ақындар сайысы «Сәби» Қайырылымдылық Қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліндегі балалар өлеңінен ақындар сайысы (бұдан әрі - Сайыс) өткізілетіні жайлы жария етеді

Сайысты өткізу мерзімдері
Сайыс 2012 жылғы 01 қаңтар мен 2012 жылғы 01 мамыр аралығында өткізіледі.

Сайысқа ашық қатысу
Сайысқа қазақ тілінде жазатын 24 жасқа дейінгі авторлар қатыса алады. Тұратын жеріне, азаматтығына және ұлтына мән берілмейді.

Қорытынды шығару және Сайыстың басты қорытындыларын Сайыс сайттарында жариялау – 01 маусым 2011 жыл.



Жаңалықтар » Жаңа жылыңызбен!

29 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 5
Жаңа жылыңызбен! Сорван листочек последний,
Снят со стены календарь,
Ждет уж давно поздравлений
Стоящий за дверью январь.
В ярких огнях карнавальных
Час наступает его,
Звоном бокалов хрустальных
Входит в наш дом торжество.




Пусть посетят вас удачи,
Пусть вдохновенье придет,
Пусть ваша жизнь станет ярче
В новый 12-ый год!



Жаңалықтар » Армандар орындалуы тиіс!

21 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 1575
Армандар орындалуы тиіс! «Сәби» Қайырылымдылық Қорының қалыптасқан дәстүріне сай, «?лем» дарынды жастарды қолдау Бағдарламасының аясында Грант иегерлері атанған «әлемдіктердің» айрықша жағдайларда қол жеткізген жетістіктерімен біз аса қуанышпен бөліскіміз келіп отыр.

Талантты жас әншілер Сыдықов Жасұлан мен Алдыбергенов Тимур, 16 желтоқсанда ел ордамыздағы «Астана-Арена» алаңында өткен еліміздің 20-жылдық тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – халқымның жеткен арманы» атты орасан зор шоу – Гала-концертінде қатысу мүмкіндігін «Сәби» Қорының қолдауымен алды.

Салтанатты шараның көрермендері Егеменді Қазақстанның қалыптасу тарихын айқындайтын көптеген театрландырылыған және цифрлі форматта көрсетілген қойылымдарды тамашалады.



Жаңалықтар » Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

14 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 23
Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Құрметті отандастар!

Сіздерді ең басты мемлекеттік мерекесімен – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі таңда, артымызда 20 жыл өткеннен кейін Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастықта толық құқықты, жауапты және құрметті қатысушы екені ретінде танылғанын біз аса сеніммен және мақтанышпен жария етеміз.

Біз сіздерге бейбітшілік, жақсылық, табыс және Отанымызбен бірге жаңа шыңдарға жетулеріңізді тілейміз.
Жақындарыңызбен бірге бақытты және өркенді өмір сүріңіздір, дендеріңіз сау болсын!

«Сәби» Қайырылымдылық Қорының ұжымы.



Жаңалықтар » «?лемдік» атануға лайықты балалардың видеобейнелері

5 Желтоқсан 2011 | Көрсетiлiм: 1589
Алдынғы уақыттарда біз еліміздің әр-түрлі аймақтарында болған «Сәби» Қорының жұмыскерлерінің "?лем" дарынды жастарды қолдау бағдарламасы бойынша творчестволық іс-сапарлары жөнінде жаңалықтармен бөліскен болатынбыз. Ал енді сіздерге жобаға қатысуға үміткер болып отырған балалардың көрсеткен өнерлерін түсіріп алған видеоматериалдармен бөліскіміз келіп отыр.

Қызылорда облысының Айтеке би кентінде тұратын жас әнші Ақкенже әр түрлі облыстық және республикалық сайыстарда жүлделі орындарды жаулап отыр, ол енді өз өмірін тек қана музыкамен байланыстырсам дейді. Ақкенже қазақтың халық әнін орындады.

Атырау облысының Бейбарыс ауылының 10 сынып оқушысы Алпамыс Мұхтар Шаханов атамыздың өлеңін оқыды. Ол көпшілік алдында оқу мәнерімен барлығымызды таңдандырып ду қол шапалаққа ие болды. Алпамыс болашақтағы өзінің жоспарларымен бөлісті – жас бозбала кейіннен озін филолог ретінде көздеп отыр, тыңдаушылардың арасында бұл мақсатынының орындалатынана ешкімнің күмәні болған жоқ.

Ал біз болсақ өз тарапымыздан жаңа «әлемдіктерді» күтіп жүрміз. Бізге сауалнамаларыңызді жіберіңіздер!