Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon
Жаңалықтар » Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен

Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен

 
Митио Каку. Күрделі туралы қарапайым тілмен Митио Каку́ (Калифорния, АҚШ, 1947 жылы 24 қаңтарда дүние келген) — американдық ғалым, теориялық физика саласының маманы. Ғылымның белсенді таратушысы ретінде танылған. Ғылыми-көпшілік кітаптардың авторы.

Осы жылы әйгілі Доктор мамыр айында Астананың Назарбаев Универститетінде дәріс өткізген.

Қазір жазғы демалыстың қызу кезінде сіздерге оның ғылым, техника, космос және болашақ сияқты күрделі заттарды қарапайым әрі тартымды етіп жазылған кітаптарын оқу қызықты болады деп ойладық. ?нтернетте осы автордың шығармаларына сілтемелер көп. Соның екеуін ұсынамыз:

«Болашақтың физикасы», 2012 г.
http://ezobookslibrary.ru/news/mitio_kaku_...2012-05-20-1072

«Мүмкінсіз физика», 2009 г.
http://ezobookslibrary.ru/news/mitio_kaku_.../2009-10-19-100


Кысқаша автор туралы:
16 жасында мектепте шахматтың үздігі болды және әке-шешесінің гаражында аянбай ғылыми тәжірибелермен айналысқан. Жасөспірімнің ізденіштеріне көңіл аударған танымал физик Эдвард Теллер кейіннен оны өз қамқорлығына алған.

21 жасында Каку Гарвардты бітіріп Беркли лабораториясында жұмыс істеуді бастады. 25 жасында ғылым дәрежесін алды, ал 26 жасынан бастап Принстон Университетінде дәріс оқыды.

Ширек ғасырдан аса Митио Каку теориялық физика пәнін Нью-Йорктың Сити колледжінде оқытып келеді. Каку Докторы – бірнеше кітаптардың авторы және ондаған басты физикалық журналдарындағы мақалаларының авторы болып табылады. Оның академиялық сөздері ылғи ел аузында жүреді, сондықтан да дәйексөздері ең көп алынатын авторлардың тізімінде ол - 22 орнында тұр.

Каку тоғыз ғылыми–көпшілік кітаптарды жазды, соның екеуі – «Қиял көрініс» және «Гиперкеңістік» деген шығармалары оқырманның арасында үлкен сұранысқа ие болып бірнеше тілдерге аударылды. Митио Каку радиода және теле бағдарламаларда жиі сұхбат береді, сонымен қатар деректі киноларда да түсіп жүреді.

Каку өзінің ғылыми көзқарастарын көпшілікке таратып, ауқымды ғылыми оқиғаларға және құбылыстарға түсініктеме беріп, соған қоса жай қарапайым сөзбен әлемнің және теориялық физиканың күрделі мәселелерін кең аудиторияға қызық етіп таратқан түсіндіріп бере алған ғалымдардың бірі болып табылады.

 
Жарияланымда: 1 Тамыз 2013 | Көрсетiлiм: 1199
Бөлісу Google +Бөлісу TwitterБөлісу FacebookБөлісу ОдноклассникиБөлісу Мой МирБөлісу ВКонтакте