Тонино Гуэрра (1920 -2012) – итальяндық ақын, жазушы және сценарист. Ол жүзден аса фильмдердің сценарийлерінің авторы, олардың басым көпшілігі әлемдік кинематографтың алтын қорына енген, мысалы: «?тальянша некелесу», «Блоу-ап», «Забрийлік Пойнт», «Амаркорд», «Кеме жүзеді», «Джинджер мен Фред» және тағы басқалары.
Екі «Оскарға»,
үш «Алтын арыстан» сыйлығының иегері, Каннада өткен фестивальдің алты рет және Донателла сыңының екі рет үміткері болған.
Жиырма жастағы бозбала кезінде ол неміс концлагеріне түсіп, өмір мен ажалдың ортасында жүріп, еш қиындыққа қарамастан өлең шығарып, барлығын жатқа білген, өйткені шығармалын жазуға не қаламы не қағазы да болмаған. Осындай шығармашылыққа деген сүйіспеншілігі жылдар өте Гуэрраны кино әлеміне жеткізді. Өмірдегі өткен күйзелістер жарқын адамды қажытпады, керісінше ол ұзақ және бақытты ғұмыр кешіп, айналысына тек жақсылық таратқан.
Мәскеу қаласында соңғы кездесулерінің бірінде, радиода одан сұхбат алған кезде, кинодраматург осындай бір керемет әңгіме айтып берген болатын:
«Атақты режиссер Де Сикидің «?тальянша некелесу» фильміне сценарий жазып жүрген кезімде, мен Неапольға келіп, онымен бірге бір кафеде кезіккенмін. Сыртынан қарасаң, вокзалдың төірегінде орналасқан жай ғана кафе , жаз кезі болғандықтан есіктері айқара ашылған. Ішке қарай екі адам кірді, отыра салысымен: «Бізге бес кофе беріңізші, екеуін әзір ішіп аламыз, ал үшуі ауаға ілініп тұра берсін», деп тапсырыс берді Осыны айтқан соң кассаға барып бес кофе үшін төлеп, екеуін ішіп алып, өз жолдарымен жөнеле берді. Түкке түсінбеген мен Де Сиккиден сұрадым: «Бұнысы несі? Ауаға кофені қалай ілмекші?» Ол: «Кішкене кідіре тұр. Кішкене дейін бәрін түсінесін» деді. Содан кейін тағы бірнеше адамдар кірді. Арасында болған қыздар екі кофе ішіп екеуіне төледі, ал үш адвокат жеті кофеге тапсырыс беріп, үшеуін ғана ішті, қалғанын «ауаға іліп» кетті. ?ңгіме үстінде түс ауа бастады. Есік сол қалпынша ашық, күннің шуағы кафенің бет жағына барынша төгілген, бір мезетте мен аулаға көз алмай қарап қалдым, осы кезде есікке қараңғы көлеңке жақындап келе жатқан сияқты болды, қарасам ескі-құсқы киінген кедей адам, біраз кідіріңкіреп есіктен басын ғана сұғып: «Ауаға ілінген кофелеріңіз бар ма?», деп сұрады...»Осындай ғажап әдет Неапольдан келіпті, ол жер тек кофе ғана емес, жарлы адамдарға тамақ та қалдырып жатады. Осындай қайырымдылық істер, аз ғана шығын шығарса да күнделікті өмірдегі іс-әрекеттін ілтипатын ерекшелендіреді.