Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon
Жаңалықтар » Мерей Темірханов, 19 жас

Мерей Темірханов, 19 жас

 
Мерей Темірханов, 19 жас «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші қазақ атам, әрбір адамзат баласының кішкентайынан келе жатқан арманы, өмірде алға қойған мақсаты болады. Бірақ кез келген адам баласы қалаған арманына жете бермейді. ?рине, бұл өмірде еш нәрсе оңайлықпен келмейді. Біреулер арманына қажырлы еңбекпен, талаппен жетіп жатса , ал біреулердің армандары сол арман күйінде қалады. Менің де сол секілді өз арманым, өмірде көздеген мақсаттарым бар. Бірақ кез келген адамның арманы орындала бермейтіні хақ. Өзім кішкентайымнан есеп-қисапқа әуес болып өстім. Электроникаға, неше түрлі электрлік құрылғыларға, физикаға, ғылымға көңілім ауды. «Бап шаба ма әлде бақ шаба ма» дегендей бақ пен баптын да өмірде ролі ерекше. ?р түрлі себептерге байланысты арманым орындалмасқа кеткендей болды. Сол кезде ?сел Тасмағамбетқызының «Сәби» Қорының ?лем бағдарламасы туралы біліп, бағымды сынап көрдім. Сол кезде «?лем бағдарламасы» менің алдағы болашақ өміріме деген көпірім болды десек те болады. Бағым жанып «Сәби» Фондының грант иегері атандым. Сол кезде қуанышымда шек болмады. Өмірге деген құлшынысым одан сайын арта түсті. ?лем бағдарламасы мені өмірге қайта әкелгендей болды. Осылай арманым мені Астана қаласына алып келді. ?сел Тасмағамбетова ханымның игі бастамасының арқасында мен Астана қаласындағы «С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университетінің» Энергетика факультетінің 2 курс студенті атандым. Осы грант мен үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе, Алла Тағаланың сыйы деп есептеймін. Кейде әлі күнге дейін өзіме сене алмаймын, Астана қаласының алдыңғы қатарлы ЖОО - ның бірінде оқып жатқаныма. Осы өзіме артылған сенімді тек қана өз біліміммен, жақсы оқуыммен, болашақтағы жетістіктеріммен ғана ақтаймын деп сенемін. Осындай ?сел Тасмағамбетова ханым бастаған бағдарламалардай жастарды мақсаттарына жеткізетін, өмірге деген құлшыныстарын оятатын, өмірге деген ұмтылыстарына демеп, қол ұшын беретін шаралар көптеп іске асырыла берсін!
 
Жарияланымда: 31 Қазан 2013 | Көрсетiлiм: 1166
Бөлісу Google +Бөлісу TwitterБөлісу FacebookБөлісу ОдноклассникиБөлісу Мой МирБөлісу ВКонтакте