Қызылорда облысы қайтадан «Сәбиді» күтіп алуда |
![]() «?лем» Бағдарламасымен таныстыру мақсатында, бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларымен кездесулер өткізілді. Қазалы ауданындағы ?йтеке би кентінің екі мектебі, № 170 және № 249 мектеп, сапар тізімінде бірінші орында болды. Балалар өздерінің таланттарын паш ету үшін, сондай-ақ, Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша көптеген сұрақтарды қою үшін осы кездесуді тағатсыз күткен еді. Құшақ жая қарсы алу және оқушылармен ыстық ықыласпен тілдесу - өте үлкен әсер қалдырды және жылы лебіз ретінде есте қалып қойды. Келесі барар жер – Қызылорда болды, дәлірек айтқанда, біздің қамқорлығымыздағы мекеме – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Мектеп-интернат болды. Біздің жобамыздың ұсынатын керемет мүмкіндіктері туралы әңгіме интернаттың түлектерін де, оның қызметкерлерін де сөзсіз қызықтырды. Сапардың нәтижесінде, «әлемдіктердің» қатарына кіруге және өздерінің біртума қабілеттерін дамыту үшін «Сәбиден» жан-жақты қолдау алуға үлкен мүмкіндіктері бар, келешегі мол бірнеше баланы алдын ала іріктеу жүзеге асырылды. Фотосуреттер |
Жарияланымда: 6 Қазан 2011 | Көрсетiлiм: 1542 |