Мақсаткерлердің болашағы өз қолында |
![]() Алайда, қазіргі қилы заманда, спорттық киімдер мен бұйымдарды алып беруге, жарыстарға қатысу үшін шыққан шығындарды өтеуге және секциялар мен үйірмелерге балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қалталары көтермегендіктен, ал сондай орындарға тегін қатысуға мұрша болмағандықтан жас буындардың дене тәрбиесін дамыту мәселесі, бүгінгі күндегі қоғамда көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады. Оның үстіне, таза ауада шынығып ойнаудың орнына көптеген балалар компьютерлік жарыстарды және интертпен қатынасуды балама ретінде жөн көретін болды. Дәрігерлер мен ұстаздар бұрыннан бері осы жай бойынша дабыл қаққан болатын, алайда бұл жағдайды түбінен жөндеуге әлі мүмкіндік болмай тұр. «Сәби» Қайырылымдылық Қоры шынайы көңілмен спортпен шұғылданып және сонымен қатар оны өмірінің кәсібіне айналдырғысы келген балаларға өзінің дара жас дарындарды қолдау «?лем» Бағдарламасын ұсынып отыр. Біздің Бағдарламаның қазылар алқасы қатарында тұратын беделді спортшылардың назарына іліккіңіз келсе, біріншіден сауалнаманы толтырып жіберуіңіз керек. Келешекте мол үміт күттіретін жас дарындар міндетті түрде біздің қолдауға ие болады. Болашақ чемпиондар, біз сіздерді асыға күтеміз! |
Жарияланымда: 28 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 1477 |