Жаңалықтар » Жас ақындарға жол ашық! |
|
5 Сәуір 2012 | Көрсетiлiм: 1547 ![]() Бүгінгі күнде біз Қазақстанның батыс жағында тұратын қатысушыларымыз Қарлыға ТЕМІРҒАЛ? мен Гүлсара МАРАТТЫҢ жіберген өлеңдерінің ішінде ең үздіктерін сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр. Достар, егер де сіздер «Сәби» Қоры ұсынған жас ақындардың байқауына қатысқыларыңыз келсе, бірінші кезек алдымен Сайыстың талаптарымен танысып, ары қарай өтінішті жіберсеңіз әбден болады. Жазыңыздар, қатысыңыздар және жеңіске жетіңіздер! |

Жаңалықтар » Мақсаткерлердің болашағы өз қолында |
|
28 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 1477 ![]() Алайда, қазіргі қилы заманда, спорттық киімдер мен бұйымдарды алып беруге, жарыстарға қатысу үшін шыққан шығындарды өтеуге және секциялар мен үйірмелерге балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қалталары көтермегендіктен, ал сондай орындарға тегін қатысуға мұрша болмағандықтан жас буындардың дене тәрбиесін дамыту мәселесі, бүгінгі күндегі қоғамда көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады. Оның үстіне, таза ауада шынығып ойнаудың орнына көптеген балалар компьютерлік жарыстарды және интертпен қатынасуды балама ретінде жөн көретін болды. Дәрігерлер мен ұстаздар бұрыннан бері осы жай бойынша дабыл қаққан болатын, алайда бұл жағдайды түбінен жөндеуге әлі мүмкіндік болмай тұр. |

Жаңалықтар » Наурыз мейрамы құтты болсын! |
|
20 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 1521 ![]() «Сәби» Қайырылымдылық Қорының шын жүректен табиғаттың оянуын, жаңаруын және гүлденуін бейнелейтін, жарқын Наурыз мейрамымен құттықтайды. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Көктемнің күн мен түннің теңесуі біздің жан тәнімізді жаман ойлар мен қимылдан босатып, ниетімізді жақсартады. Өйткені бұл мейрам кешірілімділік пен мейірімділікке, үміт пен сенімділікке, жақсылық пен түсінушілікке жетелейді. Осы күнде әрқайсымыз өткен жылды қорытындылап болашақтағы жоспарларымызды тек қана жақсылыққа жоримыз. ?р жанұяда өзара достық, сый мен түсінушілік молайсын. ?р адамға бұл мереке бақыт, өркендеу және қуаныш тілейміз! Шын жүректен Сіздерге денсаулық, амандық және табыс тілейміз! |

Жаңалықтар » 8 Наурыз мерекелеріңізбен! |
|
7 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 2 |

Жаңалықтар » «Сәби» Қазақстанды «ашады» |
|
28 Ақпан 2012 | Көрсетiлiм: 1422 ![]() Аталмыш іс-шара біздің Республикамыздың мерейтойлық датасы – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орайластырылып, күллі әлемге Қазақстанның бай тарихи мұрасы мен өзіндік мәдениетін ұсынуды мақсат етіп қойды. Іс-шара өз ауқымына ежелгі қазақ шеберлері – зергерлердің қолданбалы өнерінің көрмесі мен қайырымдылық аукционын біріктірді. Қазақстанның мәдениетімен таныстығы аз американың әлеуметі үшін қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік мұражайынан лайықты орынды иеленген ?манғали Тасмагамбетовтың бірегей жеке жиынының экспонаттары нағыз жаңалық болды. Қазақ халқының бабалар өнері көп ғасырлық тарихқа ие және жоғары деңгейге қол жеткізгені белгілі. Ерекше орынды негізгі түрде, әйелдер киімінің бұйымдарын жасауға арналған және өзінің шығармашылық шабыты мен көп деңгейлі технологиясымен көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар иеленеді. Шебердің әрбір жұмысы өзінің тарихи құндылығымен ғана емес, сонымен бірге бірегейлікті паш ететін бейнешілікке толы тереңдігімен таңдай қақтырады: жасаудың әрбір деталы, әрбір штрихы өзіне белгілі бір мағынаны біріктіреді. |
