Жаңалықтар » Қызылорда облысы қайтадан «Сәбиді» күтіп алуда |
|
6 Қазан 2011 | Көрсетiлiм: 1542 ![]() «?лем» Бағдарламасымен таныстыру мақсатында, бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларымен кездесулер өткізілді. Қазалы ауданындағы ?йтеке би кентінің екі мектебі, № 170 және № 249 мектеп, сапар тізімінде бірінші орында болды. Балалар өздерінің таланттарын паш ету үшін, сондай-ақ, Бағдарламаға қатысу шарттары бойынша көптеген сұрақтарды қою үшін осы кездесуді тағатсыз күткен еді. Құшақ жая қарсы алу және оқушылармен ыстық ықыласпен тілдесу - өте үлкен әсер қалдырды және жылы лебіз ретінде есте қалып қойды. |

Жаңалықтар » Келешегінен үміт күттірер |
|
30 Қыркүйек 2011 | Көрсетiлiм: 234 ![]() Қор сарапшыларының пікірінше қазіргі шоу-бизнесте бұл тілді ерік меңгеру жақсы музыкалық білімнің болуы сияқты зор қажеттілік болып табылады. Біз зор үміт артып отырған «?лемдіктер» бірнеше ай бойы тіл үйрету орталығында оқитын болады. Тимур мен Жасұлан Құрмаңғазы ат. Алматы мемлекеттік консерваториясында Қорымыз ұсынған гранттар бойынша оқып қана қоймай, сонымен қатар өзінің шығармашылық және оқу қызметінде жан-жақты қолдау көріп отыр. |

Жаңалықтар » Бір ғана жанасудан өмір жарқындай түседі! |
|
14 Қыркүйек 2011 | Көрсетiлiм: 1607 ![]() Осыдан екі ай бұрын біз өз тарапымыздан Qiwi төлем терминалдары арқылы мұқтаж адамдарға қайырылымдылық көмекті жасайтын жүйесін іске қосқан туралы хабарлаған болатынбыз. ?р күн сайын «Сабидің» есеп-шотына қаражаттар түсіп жатқанына орай, біз көп адамдардың сенімін атқарып отырғанымыз туралы қуанышты хабармен бөліскіміз келіп отыр. Төлемдердің көлемі үлкен болмаса да, біз әр тиынды жоғары бағалап, өз орнын табатынына кәміл сенеміз. Жылдың аяғында біз міндетті түрде, сіздердің алдыңызда есеп беруімізге уәде береміз. Өкінішке орай, электрондық жүйе кімнің көмек көрсеткенін білуге мұрша бермегендіктен, біз кімге алғыс айтуымызды да білмейміз. Сондықтан өз сайтымыздың беттерінде әрқайсыларыңызға адал ниеттеріңіз, ықыластарыңыз және қайырылымдығыңыз үшін «РАХМЕТ» деп айтқымыз келіп тұр. Осындай атаусыз қалған филантропия – адамзаттың ең жоғары дамуының көрсеткіші. |

Жаңалықтар » «?лемдікке» арналған ноутбук |
|
8 Қыркүйек 2011 | Көрсетiлiм: 1441 ![]() Семей қаласында тұратын он алты жасар жас ақын Солтанов Бекнурдың өлеңдері жергілікті газет пен журналдарда басылып жүр, ол өзінің дарындығының және белсенді өмірлік көзқарасының нәтижесінде, «?лем» Бағдарламасының «?дебиет-поэзия» номинациясы бойынша Грант иегерлер қатарына қосылды. |

Жаңалықтар » Конституция Күнімен! |
|
27 Тамыз 2011 | Көрсетiлiм: 235 ![]() Қазақстандықтар! Қазақстан Республикасының Ата Заңын қабылдау Күніне орай біз ыстық ықыласпен құттықтаймыз! Бұл - еліміздің демократиялық заң шығарудың іргесін қалаушы, азаматтарға құқық негіздері мен бостандықдың кепілдігі болатын, жас мемлекетіміздің егемендігін бекіткен негізгі заңның құрылған мерекесі. Баршалыққа сәттілік пен гүлдену тілейміз! Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастар! |
