Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар, Ұлылардың дана сөздері » Америка ұлтының көсбасшысы

12 Ақпан 2014 | Көрсетiлiм: 671
Америка ұлтының көсбасшысы ЭМЕРСОН, РАЛФ УОЛДО (Emerson, Ralph Waldo) (1803–1882) - американдық жазушы және философ, қоғам қайраткері, АҚШ-тың ең көрнекті ойшылдардының бірі. 1821 жылы теологиялық білім алған Гарвардты бітірді. Брама (Brahma), Күндер (Days), Қарлы боран (The Snow-Storm) және Конкорд әнұраны (Concord Hymn) – сияқты кейбір поэмалары американың әдеби классиктің жанрына кірді.

Ф. Нице сияқты ұлы философқа ықпалын тигізе арқылы Германия оқырмандарының көңіліне ие болды.

Эмерсон Ресейде Лев Николаевич Толстойға және тағы басқа орыс жазушыларына күшті әсерін тигізді. Л.Н. Толстойдың күнделіктеріндегі, хаттарындағы және мақалаларындағы бірқатар пікірлері Эмерсонның философиясымен ұқсастығын көруге болады. Толстой американдық ойшылды «христиандық діни жазушы» деп жоғары бағалады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ральф Уолдо Эмерсон америка ұлтының рухани басшысы ретінде Бенжамен Франклин қайтыс болғаннан кейін орнын алды.



Жаңалықтар, Біздің видеобейне » Нью-Йорктен «әлемдіктен» келген бейнесәлем!

10 Ақпан 2014 | Көрсетiлiм: 453
Соңғы екі жылдар ішінде Қанат Бейсекеевтің есімі қазіргі заман жастарының естуінде. Оның интернет-басылымдарына түсірілген қызықтырғыш репортаждары фотожурналистиканы бағалай алатындардың арасында әйгілілікке ие болды.

Қанат Нью-Йорк киноакадемиясында «Сәби» Қорының «?лем» Жас дарындарды қолдау бағдарламасының аясында алған халықаралық Гранты бойынша «Фотография» мамандығында оқиды. Өзінің видеоүндеуінде жас фотограф өзі туралы және өзінің Америкадағы студенттік өмірі туралы айтады.



Жаңалықтар, «Әлемдіктер» күнделігі » Данагүл БЕРЕКЕТ, 18 жас

22 Қаңтар 2014 | Көрсетiлiм: 586
Данагүл БЕРЕКЕТ, 18 жасКөздеген мақсатына қарай батыл қадам жасай білген адамның алдынан қашан да жеңістер тосып тұратынына менің көзім жетті. Өзім армандаған жоғары оқу орнының студенті атану мен үшін үлкен жетістік болды. Талапкер атанып, ҰБТ-ға дайындалып жүргенімде «Сәби» Жеке қайырымдылық қорының «?лем» Жас дарынды қолдау бағдарламасы ұйымдастырған жас ақындар мүшәйрасына қатысып, бағымды сынап көрдім.

Нәтижесінде Білім грантын иеленіп, білімнің қарашаңырағына айналған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінің студенті атандым. Қазақ журналистикасының майталмандары түлеп ұшқан біздің факультетте білім алуға барлық жағдай жасалған. Телерадио студиялары кәсіби аппараттармен жабдықталған. Университет көлеміндегі «?л-Фараби радиосы» мен «?л-Фараби арнасы» радиохабарлары мен телебағдарламалары студенттердің шығармашылығынан туындаған жобаларды жарыққа шығарады. Бұл теориялық білімімізбен қатар практикалық тәжірибемізді толықтыруға үлкен септігін тигізеді. Сонымен қатар, ҚазҰУ қалашығында орналасқан ?л-Фараби кітапханасы, ?нтернет орталығы, тамақтандыру комбинаты, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – үнемі қарбаласта жүретін біздер үшін қолжетімді әрі уақыт жоғалтпауға қолайлы. Белсенді студенттер үшін ҚазҰУ Студенттер Сенаты ұйымы, «Сұңқар» Студенттер кәсіподағы жастарды өз қатарына қабылдап, қызықты шараларды ұйымдастырып, қалашық тұрғындарына позитив сыйлайды.



Жаңалықтар, Өңтүстік астананың көшелер » Ғабиден Мұстафин атындағы көше

15 Қаңтар 2014 | Көрсетiлiм: 2349
Ғабиден Мұстафин атындағы көше Алматы қаласында Навои көшесінің батысында және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне аталған саябағының солтүстігіне қарай көше 1986 жылдан бері Ғабиден Мұстафин ағамыздың атымен аталған.

Ғабиден Мұстафин (1902–1985 гг.)

«Қайта жанған елдің жазушысы» - деп Ғабиден Мұстафинді кезінде танымал қазақ әдебиеттанушы Тахауи Ахтанов атап еді. «Қайта жанған» деген мағына сол замандағы қазақ қоғамында социал-экономикалық және мәдени өзгерістерге ғана байланысты болмай, ерен жүйріктердің қатарында болған Ғабиден ағамызда біртума дарындардың жарқырап жанған кездері еді. Көшпенді халықтың сөніп бара жатқан өнерін осындай жарқын жас дарындары жалындадып жіберді.

Ғабиден Мұстафин, Қазақстан Республикасының халық жазушысы, 1902 жылы 26 қарашада қарапайым малшының үйінде дүниеге келген, оның балалық шағы Жауыртаудың етегінде қарағайы төніп өскен Сарытөбе атты жерде өтті (қазіргі Қарағанды облысының Тельман ауданы). Жазық даланың бірбеткей, ағысы қатты Нұра өзені ең есте қаларлық балалық әсерін тигізді.

Кең алқаптағы туған өлкесінде заманында алғашқылардың арасында болып ашылған Спасск мыс балқыту зауыты білімге құмар баланың көзіне қызығушылық туғызатын.



Жаңалықтар » Алматының көшелері кімдердің атымен аталған

15 Қаңтар 2014 | Көрсетiлiм: 0
Алматының көшелері кімдердің атымен аталған Шынымененде оңтүстік астанамыздың қонақтары түгіл алматылықтардың көбісі өздерінің жұмысбастылығынан және өмірдің ырғағынан күнделікті жүріп жүрген көшелеріміздің атаулары туралы сирек ойланады.

Адамдар тар көшелердің, үлкен көшелердің, даңғылдардың және алаңдардың атауы кімнің құрметіне аталғанына мүлдем назар аудармай жаяу немесе көлікпен жұмыстарына асыға немесе жай қыдырып жүреді. Ал олар келешек ұрпақтың есінде қалуға ие болған көрнекті тұлғалар болып келеді.

"Өңтүстік астананың көшелері" атты айдарын бастаудың алдында Алматы мен бүкіл Қазақстанның тарихында өздерінің айрықша өмірімен із қалдырған тұлғалар туралы сайтымыздың оқырмандарына еске салып айтқымыз келеді.