Deprecated: mysql_escape_string(): This function is deprecated; use mysql_real_escape_string() instead. in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/mysqli.class.php on line 162 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 60 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 64 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 68 Deprecated: preg_replace(): The /e modifier is deprecated, use preg_replace_callback instead in /var/www/vhosts/v-5360.webspace/www/kaz.alemsaby.kz/engine/classes/templates.class.php on line 72 «Әлем» | Жас дарындарды қолдау бағдарламасы
Home icon

Жаңалықтар » Жас музыкантқа сыйлық

18 Сәуір 2012 | Көрсетiлiм: 232
Жас музыкантқа сыйлық Өткен жылдың күзінде, жас дарындарды қолдау шеңберіндегі «?лем» бағдарламасының сапарларының бірі кезінде, «Сәби» Қорының қызметкері, Қызылорда облысының Қазалы ауданының ?йтеке би кентінде тұратын, 7 жасар Нұрзаттың отбасымен танысты.

Керемет вокалдық мен туа біткен артистік қабілеттері жас музыкантты бала кезінен ауданның атақты адамына айналдырды. Кентте оның қатысуынсыз бірде – бір мейрам өтпейді. Дарынын дамытуға зейнеткер атасы көмектеседі.

Баланың әнге және музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге деген зор ұмтылысын ескере отырып, «Сәби» қайырымдылық Қорының «?лем» Бағдарламасының талдау комиссиясы оған Yamaha Клавинова санды пианиносын сыйлады. Ата-анасының айтуы бойынша, Нұрзат мұндайды тіпті армандай да алмаған, «Сәби» Қорының оған мұндай аспапты сыйлайтынын білгенде, тіпті мазасы кеткен.

Бірнеше күннен кейін, көптен күткен сыйлық жаңа иесіне жеткізіледі, ал біз Нұрзаттың музыка саласындағы келешектегі жетістіктері мен тағдырын бақылап отырамыз.



Жаңалықтар » Жас ақындарға жол ашық!

5 Сәуір 2012 | Көрсетiлiм: 1432
Жас ақындарға жол ашық! «Сәби» Қайрылымдылық Қоры мемлекеттік тілде ұйымдастырылған Екінші ақындар сайысының аяқталуына 1 айдан кем уақыт қалғанын естеріңізге салады. Сіздер өздеріңіздің туындарыңызды 2012 жылғы 01 мамырға дейін alem@saby.kz электронды поштаға жібере аласыздар. Жас авторлардың шығармаларын баға беруге, бас сарапшы ретінде - ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы және «Балалар әдебиеті кеңесінің төрағасы» Сұлтан Қалиұлы тағайындалды.

Бүгінгі күнде біз Қазақстанның батыс жағында тұратын қатысушыларымыз Қарлыға ТЕМІРҒАЛ? мен Гүлсара МАРАТТЫҢ жіберген өлеңдерінің ішінде ең үздіктерін сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.

Достар, егер де сіздер «Сәби» Қоры ұсынған жас ақындардың байқауына қатысқыларыңыз келсе, бірінші кезек алдымен Сайыстың талаптарымен танысып, ары қарай өтінішті жіберсеңіз әбден болады.

Жазыңыздар, қатысыңыздар және жеңіске жетіңіздер!



Жаңалықтар » Мақсаткерлердің болашағы өз қолында

28 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 1360
Мақсаткерлердің болашағы өз қолында Кәсіпқой спорттың мансабын игеру – қандай да бір спортпен шұғылданып жүрген әр жасөспірімінің аңсаған арманы болып табылады. Орасан зор еңбек пен өзін өзі қатал тәрбиелеудің арқасында жеткен медальдардың жарқылы, жанкүйерлердің шаттыққа толы көздері және материалды табысқа жету – кәсіби спортшының өмірінің бір кескіні ретінде көзімізге елестете аламыз.

Алайда, қазіргі қилы заманда, спорттық киімдер мен бұйымдарды алып беруге, жарыстарға қатысу үшін шыққан шығындарды өтеуге және секциялар мен үйірмелерге балаларын жіберуге көптеген ата-аналардың қалталары көтермегендіктен, ал сондай орындарға тегін қатысуға мұрша болмағандықтан жас буындардың дене тәрбиесін дамыту мәселесі, бүгінгі күндегі қоғамда көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады. Оның үстіне, таза ауада шынығып ойнаудың орнына көптеген балалар компьютерлік жарыстарды және интертпен қатынасуды балама ретінде жөн көретін болды. Дәрігерлер мен ұстаздар бұрыннан бері осы жай бойынша дабыл қаққан болатын, алайда бұл жағдайды түбінен жөндеуге әлі мүмкіндік болмай тұр.



Жаңалықтар » Наурыз мейрамы құтты болсын!

20 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 1409
Наурыз мейрамы құтты болсын! Қымбатты достар!

«Сәби» Қайырылымдылық Қорының шын жүректен табиғаттың оянуын, жаңаруын және гүлденуін бейнелейтін, жарқын Наурыз мейрамымен құттықтайды. Наурыз - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Көктемнің күн мен түннің теңесуі біздің жан тәнімізді жаман ойлар мен қимылдан босатып, ниетімізді жақсартады. Өйткені бұл мейрам кешірілімділік пен мейірімділікке, үміт пен сенімділікке, жақсылық пен түсінушілікке жетелейді. Осы күнде әрқайсымыз өткен жылды қорытындылап болашақтағы жоспарларымызды тек қана жақсылыққа жоримыз.

?р жанұяда өзара достық, сый мен түсінушілік молайсын. ?р адамға бұл мереке бақыт, өркендеу және қуаныш тілейміз! Шын жүректен Сіздерге денсаулық, амандық және табыс тілейміз!



Анонстар » Назар салыңыздар, экшн келе жатыр!

13 Наурыз 2012 | Көрсетiлiм: 1400
Назар салыңыздар, экшн келе жатыр! Үсітіміздегі жылда «Сәби» Қайрылымдылық Қоры Тимур Бекмамбетов ұйымдастырған "ASTANA" халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалінде екінші рет қатарынан серіктестігін танытып отыр.

Сценарийлер сайысынан басқа өткен жылдан басты айырмашылығы болып, қосымша қысқа метражды кино байқауы назарға ұсынылды, осы сайыстарда біздің отандастарымызбен бірге бүкіл әлемнің қатысушыларына ат салысуға болады.

Барлық сұранымдар Фестивальдің сайты арқылы жіберілу тиіс, әр сценарий әлемдік киноның майталмандарынан тұратын әділ қазылардың талқысына тиеді, ал ең үздік қысқа метражды фильмдер интеренетпен дауыс беру арқылы анықталады.